«250+» бағдарламасы ШҚО-ның мың ауылын интернетке қосады

Dalanews 22 дек. 2021 17:42 763

Бүгінде орталықтан шет жақтан ауыл-аймақтарды интерент желісіне қосудың маңызы зор. Пандамеиядан кейін бұл мәселенің өзектілігі арта түскені анық. Осы ретте ШҚО Цифрландыру және архив басқармасы «250+» бағдарламасы қабылдап, ауылдарды интернетке қосу ісі ісін бастап  кетті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Осы ретте ШҚО ауылдарын интернетке қосуды көздейтін бағдарламасы жайында айтсақ. Аты айтып тұрғандай «250+» бағдарламасына адам саны 250-ден асатын ауылдарды қамтимтын болады. ШҚО Цифрландыру басқармасы өңірде жұмыс істейтін үші ірі оператормен келсімге келіп, «250+» бағдарламасын жүзеге асыруда.

Аталымш бағдарлама толықтай жүзеге асқан кезде облыс аумағындағы мыңға тарта ауылдың 600 мыңнан тұрғыны сапалы интернетке қол жеткізеді деп күтілуде. Осылайша ауыл тұрғындары қала халқы секілді мемлекеттік цифрлық қызметтерге қол жетімдігі артып, күнделікті өмірді жиі қолданатын қосымшаларды еркін пайдалана алатын болады.

Студенттер мен мектеп оқушылары пандемия жағдайында сапалы интернеттің көмегімен қашықтан еркін білім алуына мүмкіндік алатын болады.

Ауылдарға сапалы интернет желсі жетсе, ұялы байланыстың да сапасы арта түсетінін айта кетуіміз керек. Бұдан басқа «250+» бағдарламасын жүзеге асыру барысында жаңа жұмыс орындары құрылып, халықтың тұрмыс жағдайының септесе түсетіні анық.

Рекомендовать
Последние новости