Бюджеті дағдарысқа ұшырап, Ұлттық қоры тесік шелекке айналған біздің елге де бір Маск керек

Кәмшат Тілеухан 13 нояб. 2024 12:20 1345

Дональд Трамп америкалық миллиардер Илон Маскты министр етіп тағайындады. Ол тағы бір америкалық кәсіпкер Вивек Рамасвамимен бірге Мемлекеттік басқару тиімділігі департаментінің арнайы құрған басқармасына басшылық ететін болды, деп хабарлады Dalanews.kz.

Бұл жаңалық пайда бола салысымен, сайлауда Трамп жеңді дегелі көрсеткіш шкалалары "ойнай" бастаған қаржы нарығында Максқа тиесілі Tesla акцияларының құны бірден бой көтерді, бақандай 25 пайызға (300-ден 400 долларға).

Сарапшылар Трамптың сайлаудағы жеңісі "Tesla тарихындағы және Маск үшін түбегейлі бетбұрыс болады" деп санайды. Басшылық қызметке Масктың тағайындалуы электр көліктерді жасанды интеллект көмегімен толығымен автономды (FSD жүйесін) жүйеге көшіру сынды компанияның амбициялық мақсатын жүзеге асыруға мүмкіндік туғызбақ.

Ақ үйге жақындығының арқасында Маск байлығы еселене түседі деп болжанады. Мемлекеттік келісімшарттың арқасында оның SpaceX компаниясы 19 млрд доллар қосымша қаражат тартпақ, деп топшылайды CNBC. Одан бөлек, аталған телеарна "FSD қауіпсіздігіне қатысты компания атына түскен 19 федеральды шағымдар кері қайтарып алынуы мүмкін" деген хабар таратты.

Сайлау басталған күннен бастап осы аптаның дүйсенбісі аралығында электр көліктерін өндіруші компанияның бағалы қағаздары 35%-дан асаға қымбаттап, Investing.com-ның есептеуінше, Масктың байлығы шамамен 70 миллиард долларға өсті.

САЯСАТ МӘСЕЛЕСІНЕ ҚАЙТА ОРАЛСАҚ:

Трамп бұл екі адамның үкіметтегі ЫСЫРАПШЫЛДАРМЕН күрсетінін мәлімдеді, деп жазады Reuters.

"Мұндайда жүйеде сілкініс болады, өйткені үкіметте ысырапшылдыққа қатысты адам көп", деп CNN Масктың сөзін келтіреді.

Жаңа қызметке Маск кездейсоқ таңдалып алынбаған. Hargreaves Lansdown компаниясының қаржы және нарықтар бөлімінің басшысы Сюзанна Стрит бюрократиялық былық-шылықтан арылу міндетін технологиялық инновациялардың алдыңғы қатарында тұрған Маск компаниясы жақсы атқара алады деп санайды. Бюджет тапшылығы дағдарысына ұшырап (үкімет 3 трлн теңге таппай жатыр), Ұлттық қоры (биыл бюджет тапшылығын жабу үшін қордан 6 трлн теңге алынды) тесік шелекке айналған Қазақстанға да осындай бір адам қазір ауадай қажет болып тұрғаны. Сондықтан ысырапшылдармен күреспек Маскқа қазақтардың да назары ауып, бұл реттегі жаңалықтарды жібермей қарайтыны хақ. Себебі мұндай істі дөңгелету біздегі жаңа Қазақстан Үкіметі басына арнайы алдыртылған бұрынғы Антикор басшысының қолынан келмей жатқаны...


Рекомендовать
Последние новости