БҚО-да су тасқынынан зардап шеккендер тұрғын үймен толық қамтамасыз етілді

Жарбол Кентұлы 12 нояб. 2024 16:32 1057

Мұны ӨКҚ-да өткен брифингте облыс әкімі Нариман Төреғалиев айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz БҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биылғы көктемдегі су тасқынына байланысты облыста өте күрделі жағдай қалыптасқаны баршаға мәлім. Су тасқыны салдарынан 2 мыңға жуық тұрғын үй және 15 мыңдай саяжай учаскелері су астында қалды.

– Дер кезінде қабылданған шаралардың арқасында 9994 отбасыға 3,6 млрд. теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек төленді. Бұдан бөлек, 10 мыңнан астам отбасыға келтірілген шығындарға  3,7 млрд. теңгеге материалдық көмек берілді, – деді Нариман Төреғалиев.

Тұрғындардың баспанасын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін 4,3 млрд теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы саны 1939 пәтер сатып алынып, 889 жаңа тұрғын үйлер салынды. Қайырымдылық қорларының есебінен 69 жанұяға жаңа баспана берілді.

 


Рекомендовать
Последние новости