Бишімбаев Нүкенованың өлімі туралы: "Қабырғаға соғылып, унитазға құлады"

Көркем Алдабергенова 03 апр. 2024 12:35 16933

Экс-министр Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенова қалай жарақат алып қайтыс болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Айта кетейік, бүгін Бишімбаев ісіне қатысты сот отырысы өтіп жатыр.

«Ол маған балағат сөздер айта бастады. Мен де оны балағаттай бастадым. Сосын маған жұдырық ала жүгіріп, менің жейдемді жыртып жіберді. Мен оны ұстап, қабырғаға итеріп жібердім. "Сабыр сақта" дедім. Ол маған тағы келе жатқанда мен де оның жейдесін жыртып тастады. Ол ашуланды. Жейдесін шешіп тастады. Оның үстіндегі киімнің бәрі 8-інде түс кезінде концертке барар алдында сатып алынған еді. Маған лақтыра бастады. Мен оны шапалақпен ұрып жібердім, ол кейін шегінді. Бәрі тез болып кетті. Ол "шалбарымды шешемін" деді. Мен оны ұстап алдым. Ол маған арқасымен, бетімен унитаз жаққа қарап тұрып қалды, себебі мен оның шалбарынан ұстап қалдым. Ол шалбарын жұлқылап, шеше бастаған кезде жібере салдым. Ол мен шалбарын ұстап тұрады деп ойлаған болуы керек, тартып қалған кезде жібере салдым", - деді ол.

Бишімбаев Салтанаттың шалбарын ұстап тұрып жібере салған сәтте Салтанат тепе-теңдік сақтай алмай, құлап түсіпті-мыс.

«Шалбары төмен түсіп кеткеннен кейін тепе-теңдік сақтай алмай, унитаз жаққа құлады. Басында оң жақта қабырғаға соғылып, артынша унитазға құлады. Қатты соққы алып, артынша жерге құлады», - дейді Бишімбаев. 

Айта кетейік,Бишімбаев сотта Салтанат қалай қайтыс болғанын айта бастады.

27 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилер таңдалған еді. Алқабилер алқасына 12 адам іріктелді: 10 – негізгі құрам, 2 – қосалқы. Содан кейін ашық сот отырыстары басталды.

Сонымен қатар, Қуандық Бишімбаев сотта Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтіргенін мойындамады. Бұл оқиға 2023 жылы 9 қарашада Астана қаласындағы BAU мейрамханасында болды.

Сот отырыстарының бірінде Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкеновамен қалай танысқанын да айтты.

"Мен оны Instagram-нан көрдім. Оған астрологиялық болжамға барған қыз астрологтар туралы айтты. Маған астрология қызық болды. Одан көрсетуін сұрадым. Танысым Instagram-нан танымал астролог деп көрсетті. Әдемі қыз екенін көрдім, Instgram-ын қарап шықтым. Оның жігіті бар екенін де көрдім. 2022 жылы мамырдың аяғы еді. Танысым жігіті бар екенін, үйленгелі жатқанын айтты. ...Біраз уақыт сырттай ғана бақыладым. Бір жолы оның қабылдауына жазылғым келді. Бірақ көмекшісі онлайн түрде де, тірілей де ер адамдарды қабылдамайтынын айтты.

Тамыздың аяғында сол қыз (танысы - еск.) той болмайтынын, (Салтанат - еск.) тұрмысқа шыққалы жатқан жігітімен айрылысқанын жеткізді. Танысуға мүмкіндік бар екенін түсіндім. Камила деген қыздан астрологиялық болжамға жазылуын өтіндім. Ал әңгіме барысында "досым бар, оның да келгісі келеді" деп айтуын өтіндім. Маған танысу, бір жағынан астрология туралы білу қызық болды. Камила Салтанаттың қабылдауына барған. Олар достасып кеткен. Бір-біріне қыздарға қатысты оқиғаларын айта бастаған. Салтанат жігітімен айрылысқанын да айтқан. Менің дос қызым "осындай адам бар, сені Instagram-да көрген, танысқысы келеді" деген. Камиламен телефонмен сөйлесіп жатқанда, "өзің сөйлесіп көргің келе ме, жанымда отыр" деді. Мен телефон арқылы танысып, амандастым. Салтанат "сіз келген кезде астрологиялық болжам өткізе аламын" деді. Кейін Қазақстанға келдім.

Салтанат ұзақ уақыт астрологиялық болжамды өткізгісі келмеді. Содан соң оған ашығын жаздым. "Шынын айтсам, болжам қызық емес, сіз маған қатты ұнап қалдыңыз, танысып көргім келеді, кешкі асқа шақырсам" дедім. Ол 1-2 күн жауап бермеді. Үшінші күні "кездесе аламыз" деді. 6 қыркүйек болуы керек, біз кездестік", - деді Бишімбаев.


Рекомендовать
Последние новости