Ауыл тұрғындарына арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасы басталады

Азамат Қойшығара 02 апр. 2024 15:02 2221

Ауыл тұрғындарына арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасы мамырда іске қосылатын болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың мәліметінше, қазіргі уақытта бұл бағдарламаға «Отбасы» банкі 300 млрд теңге тартып жатыр.

- Бұл - бағдарламаның жалпы мөлшері. Халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған санаты үшін мөлшерлеме 7 пайыздан аспайды», - деді Қанат Шарлапаев Үкімет отырысынан кейін.

Оның атап өтуінше, алдағы мамыр айында бағдарламаның барлық шарты жарияланады.

«1 мамырда бағдарламаның барлық шартын толықтай жария етеміз. Ол 1 мамырдан басталады. Қазіргі уақытта оған нарықтан қаражат тартып жатырмыз. Тек аздаған уақыт қажет. Сондықтан бағдарлама 1 мамырдан басталады. Министрлік пен «Отбасы» банкі қызметкерлеріне тағы бір мәрте жеке баспасөз мәслихатын өткізіп, бағдарлама жайында айтып беруді өтінеміз», - деді министр.


Рекомендовать
Последние новости