Түркістандық құтқарушылар СҚО-дағы тасқын судың алдын алуға көмек қолын созды

Жарбол Кентұлы 02 апр. 2024 13:15 2083

Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылар тобы еліміздің Солтүстік өңірлеріне көмектесу үшін жолға шыққан болатын. Атап айтсақ, Түркістан өңірінен 54 құтқарушы, 14 техника жіберілді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістандық құтқарушылар өздерімен бірге ала шыққан 15 мотопомпа, 2 қайық, 16 портативті радиостанция, 2 спутниктік телефон, 5 шатыр, 50 төсек автономды жұмыс істеуге толық дайын. Олар су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек қолын созды.

Бүгін құтқарушылар Солтүстік Қазақстан облысына барып, қарғын судың алдын алу жұмыстарына кірісіп кетті.

Кәсіби мамандардан құралған топ тасқын қаупі жоғары Ғабит Мүсірепов, Айыртау, Тайынша және Тимирязев аудандарында жұмыс жүргізеді деп жоспарланған. Қазіргі таңда құтқарушылар су тақынының алдын алу және бақылау жұмыстарын атқарып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан өңірінен Ақтөбе облысына гуманитарлық көмек және еріктілер тобы жіберілген болатын.


Рекомендовать
Последние новости