Нүкенова Бишімбаевтан 8 мәрте кетуге әрекет жасаған

Қаракөз Амантай 29 мар. 2024 12:25 2200

Сот барысында прокурор Айтбек Амангелдіден Салтанат Нүкенова Қуандық Бишімбаевтан неше рет кетуге бел байлағаны туралы да сұрады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

"2023 жылы бұл жағдай шамамен 8 рет қайталанды. Тіпті бұдан да көп болуы мүмкін", - деп жауап берді ол.

Еске салайық, бүгін Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы алқабилердің қатысуымен өтіп жатыр. Мұнда барлығы 12 алқаби бар, оның 10-ы негізгі, екеуі запаста. Олар 300 үміткердің арасынан таңдалды.

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді сотта қарындасының соққыға жығылған суретін көрсетіп, екеуінің арасындағы жанжал туралы айтты.

Алғашқы соққыдан кейін ағасы оны алып кетпек болған, бірақ Салтанат некені сақтап қалғысы келген.


Рекомендовать
Последние новости