“Бауыздалып, қарны жарылған”: Депутат Атырау облысындағы оқиғаға байланысты пікір білдірді

Қаракөз Амантай 29 янв. 2024 12:32 3539


Атырау облысындағы Махамбет ауданының аумағында мүйізі кесіп алынған 38 киіктің өлексесі табылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.


Атырау облыстық мәслихатының депутаты Бақыт Каметов киіктің өлексесі Махамбет ауданындағы Таңдай ауыл округінің аумағынан табылғанын мәлімдеді.



“Видео 26 қаңтар сағат 19:30–да түсірілген. Атырау облысы Махамбет ауданы Тандай селолық округіне қарасты Қалмақты (Чумка) елді мекенінде 38 киіктің өлексесі табылды. Барлығының мүйізін кесіп алып кеткен. Ішкі құрылысы жоқ. Шаруагерлердің айтуынша, 25 қаңтарда орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің мемлекеттік қызметкерлері және аңшылары атып кеткен. Полиция қылмысты тіркеп, заңды шара қолданады”, - деп хабарлады Бақыт Каметов әлеуметтік парақшасында жүктеген видеода.



Далада жатқан киіктің кейбірі бауыздалған. Кейбірінің қарны жарылған.



Рекомендовать
Последние новости