Астанада Ескі Қазақстанның өкілі Даниал Ахметов көзге түсіп қалды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Үкіметтің баспасөз қызметі елордада өткен спорттық жарыстан сурет жариялады. Астанада жеңіл атлетикадан Әмин Тұяқов жүлдесіне арналған Astana Indoor Meet халықаралық турнирі өтіп жатыр.
Бұл сайыстың ашылу салтанатына қазіргі шенеуніктер, соның ішінде премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова,туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қатысқан.
Сондай-ақ, көпшілік Даниал Ахметовті де көзі шалып қалды. Ол қазір Жеңіл атлетика федерациясының президенті болып отыр.
Ахметов ұзақ уақыт әкім қызметінен кетпеді. Бір өңірді 9 жыл басқарған ол былтыр ғана ШҚО әкімі қызметінен босатылды. Экс-әкім бұл қызметке 2014 жылы тағайындалған еді. Бұған дейін де белді-белді лауазымдар- премьер-министр, министр қызметтерін атқарды.