Bank of America еліміздің қаржы нарығына қатысты болжамын жариялады

Кәмшат Тілеухан 28 мар. 2025 13:45 14832

Өздеріңізге белгілі, 2024 жылы 7 наурызда Ұлттық банк жылдық базалық мөлшерлемені 15,25-тен 16,5 пайызға дейін көтерді. Bank of America сарапшылары өз талдауында бұл өсімді "бір рет және жеткілікті"стратегия деп қарастыратындарын көрсеткен. Бұл нені білдіреді? Бұған қатысты экономист Эльдар Шамсутдинов пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Орталық банк мәлімдемесіне сәйкес, қатаң саясат қабылдауға инфляцияның жеделдеуі түрткі, сондай-ақ ол болашақта одан да қатаң шаралар қабылдамас үшін жасалған.

Талдау тобының жетекшісі Эльдар Шамсутдинов Bank of America сарапшылары бұл өсімді "бір рет және жеткілікті" стратегиясы аясында қарастырап отырғанын атап өтті. 

"Олардың базалық сценарийі бойынша реттеуші орган инфляция өсімінің толықтай әсерін және жекелей көрсеткіштердің айқындалуын күту үшін 2025 жылдың III тоқсанына дейін базалық мөлшерлемені өзгеріссіз сақтайтыны айтылады. Жаңа инфляциялық толқу болмаса, базалық мөлшерлеме 2025 жылдың екінші жартыжылдығында алдыңғы 15,25% деңгейіне оралып, төмендеуі де мүмкін", - дейді Эльдар Шамсутдинов.

Сарапшының айтуынша, экономикаға қосымша серпін беретін фактор салық реформасы болады, оның өлшемдері қазір қоғаммен талқылануда.

Алдын ала деректер бойынша, Қазақстан жекелеген секторлар үшін 16% құрайтын қосымша құн салығының сараланған мөлшерлемесіне көшеді. Салық мөлшерлемесінің өсімі бюджетке қосымша 2,2 триллион теңге әкеледі деп күтіледі. Алайда билік бизнесті қолдау шараларын да әзірлеп жатқанын баса айта кетелік.

Бұған дейін Ұлттық Банк инфляция бойынша 2025-2027 жылдарға арналған болжамын жариялаған. Жуырда базалық мөлшерлеме жайлы қаржыгер-маман Ғалым Құсайынов желіде жазба жариялады. "Көбісі мені жоғары инфляция жағдайында базалық мөлшерлемені төмендету керек деген пікірде деп ойлап алыпты. Бұл мүлдем олай емес. Менің бар ойым Қазақстанда базалық мөлшерлеменің әсері шектеулі, сондықтан инфляциямен күресу үшін кешенді шешімдер қабылдау қажет дегенге бағытталған", деп басталады оның жазбасы.


Рекомендовать
Последние новости