Атырауда төрт қыз туды өзгертіп, тұмшаланып суретке түскен

Көркем Алдабергенова 27 мар. 2025 17:17 706

Атырауда никаб киген қыздар араб жазуы бейнеленген Қазақстан туымен суретке түсті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Атырауда мұз айдынында төрт қыз никаб киіп, Қазақстан туымен суретке түсті. Алайда туға қатысты бір ерекшелік бар.

Тудың жоғарғы бөлігінде араб жазуы мен қылыш бейнеленген. Жазудың стилі мен орналасуына қарағанда, бұл – шахада, яғни «Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед – Оның пайғамбары» деген мағына беретін исламдық сенім символы.

Бұл сурет әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, қоғамдық пікірталас туғызды. Кейбір қолданушылар мұндай жағдайларға құқық қорғау органдары неге назар аудармайды деп сұраса, ал мемлекеттік туды дұрыс пайдаланбау бойынша кішігірім ережебұзушылықтар үшін айыппұл салынатынын еске салғандар да болды.

Атырау облыстық Полиция департаменті мен ҰҚК бірлескен тексеру жүргізе бастады. Мемлекеттік рәміздерді қорлау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Төрт күдікті анықталып, полицияға жеткізілді», дейді полицейлер. 


Рекомендовать
Последние новости