Депутат Марат Башимов Мәжілістің пленарлық отырысында Жоғары аудиторлық палата (ЖАП) жүргізген тексерулердің нәтижелерін құпия қылу абсурд екенін баса атап өтті. Халық қалаулысы Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловтың атына жолдаған сауалында Қазақстан заңдары барлық қаржылай тексерулердің ашықтығын талап ететінін еске салды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Қоғам тарапынан сұрақтар туындауда. Бізде қабылданған маңызды аудиторлық тексерулер бар. Бірақ оның қорытындылары туралы уақтылы хабар беріле бермейді. Мысалы, ЖАП сайтын алалық, онда 2022 жылдан бері жүргізілген тексерулердің нәтижелері таппайсыз, әлі жоқ. Соңғы жарияланған аудиторлық қорытынды 2022 жылдың 11 тамызы деген датамен тұр. Ауыл шаруашылығы, МӘМС бойынша тексерулер жүргізілді емес пе, ал олардың қорытындысы қайда? Палата мүшесі Нұрлан Нұржанов аудиторлық тексерулер бойынша ақпарат "қызметтік тәртіп құжаттары "(ҚБП) санатына жатқызылуы мүмкін қандай да бір критерийлер барын айтқан еді", - дейді депутат.
Алайда, ол 2024 жылдың желтоқсанында БАҚ-та "Назарбаев Университетіне" қатысты 73 млрд теңгенің тиімсіз жұмсалғаны туралы ақпарат пайда болғанын, ал сол аудит нәтижелері туралы әлі толық ақпарат жарияланбағанын да атап өтті.
"Университет басшылығы тексеру нәтижелеріне қатысты ел алдына шығып, ашықтан ашық түсініктеме берді. Ендеше бұл ретте толық ақпаратқа деген қолжетімділікті шектеу не себептен тууда? Аудиторлардың логикасы қызық: ақша мемлекеттікі, яғни халықтікі, қызмет әлеуметтік тұрғыдан маңызды, бірақ ол қандай да бір жағдайда құпия болып табылады екен. Қымбатты әріптестер, білім беру, медицина және әлеуметтік салалардың мәселелері құпиялылыққа жатпауы тиіс, ол бір әскери немесе құқық қорғау саласының бюджеті емес қой", - деді Марат Башимов.
Осыған байланысты депутат ЖАП-тан 2022-2024 жылдары жүргізілген тексеру нәтижелерін жариялауды талап етті.
Айта кетсек, Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов өткен жылы шамамен 11 трлн теңгені қамтитын 214 нысанда 27 аудиторлық іс-шара өткізілгенін хабарлады. Нәтижесінде 862 млрд теңге сомасына бұзушылықтар анықталды, тексеру қорытындысы бойынша бюджетке 135 млрд теңге қайтарылды.