ШҚО студенттері отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы оқу сот процесін өткізді

Жарбол Кентұлы 26 мар. 2025 10:34 476

Қазақстан-Америка Еркін Университетінде «Заң және тәртіп» қағидасын іске асыру және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күреске арналған оқу сот процесі ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Dalanews.kz ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Іс-шараға «Құқық» білім беру бағдарламасының студенттері қатысты. «Құқық және халықаралық қатынастар» кафедрасының болашақ заңгерлері өздерінің қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу құқығы бойынша білімдерін тәжірибе жүзінде сынап, сот процесін жүргізу машықтарын жетілдірді.

Оқытушылар қатысушылардың жоғары дайындық деңгейін атап өтті.

– Мұндай іс-шаралар студенттерге тек білімдерін тереңдетіп қана қоймай, өздеріне деген сенімділікті арттыруға да көмектеседі. Олар нақты құқық нормаларымен жұмыс істеуді үйренеді, бұл болашақ заңгерлер үшін таптырмас тәжірибе, – деп атап өтті құқық кафедрасының оқытушылары.

Бұл тәжірибелік сабақ студенттердің құқықтық сауаттылығын арттырып, болашақ мамандықтарына деген дайындығын күшейтуге, сондай-ақ отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес механизмдерін терең түсінуге мүмкіндік берді.

 


Рекомендовать
Последние новости