ӘМСҚ төрағасының орынбасары ШҚО-да бюджетті жымқырды деген күдікке ілінді

Көркем Алдабергенова 20 мар. 2025 13:03 976

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры төрағасының орынбасары ШҚО-да бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке ілінді,деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) төрағасының орынбасары Шығыс Қазақстан облысында (ШҚО) бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев хабарлады.

«Бұл іс Шығыс Қазақстан өңірі тұрғындарын емдеуге бөлінген бюджет қаражатын жымқыруға байланысты. Мен тек күдікті лауазымды тұлғаның тергеу мүддесі үшін қызметінен уақытша шеттетілгенін ғана айта аламын», – деді Құрақбаев сенат кулуарында.

Ол тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жария етілмейтінін айтты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта ӘМСҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы қызметін Светлана Пономарева атқарады, ал төраға орынбасарлары – Сауле Тәжібаева, Ғалымжан Әбілов және Индира Серікова.

Олардың ішінде тек Ғалымжан Әбіловтің ғана ШҚО-да жұмыс істегені белгілі. Ол 2022 жылдан бастап Абай облысындағы қор филиалын басқарған, ал оған дейін 2019 жылдың тамыз айынан бастап ӘМСҚ-ның Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры болған. 2024 жылдың шілде айында ӘМСҚ төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалған.


Рекомендовать
Последние новости