Бала күтіміне берілетін жәрдемақыны төлеу мерзімі ұзартылмақ

Dalanews 09 июл. 2021 11:25 874

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бала күтіміне арналған жәрдемақыны төлеу мерзімін ұзарту мәселесін пысықтауға кірісті, деп хабарлайды Dalanews.kz Stan.kz -ке сілтеп.

Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде осы мәселе Әлеуметтік кодексті әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы аясында қаралып жатыр.

"Бұл мәселе бойынша түрлі тәсілдер пысықталуда. Оларды қарау қорытындысы бойынша бюджет комиссиясы қолдау көрсетсе, әзірленіп жатқан Әлеуметтік кодекс аясында жақсартылған норманы қарастыратын боламыз", – делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, бала күтіміне арналған жәрдемақыны ұзарту мәселесі қоғамда талай рет көтерілген. Мәжіліс депутаттары да үкіметке сауал жолдап, әлеуметтік төлемнің мерзімін ұзартуды талап еткен.

Мәселен, Қазақстан халық партиясының мәжілістегі фракциясы бала күтіміне арналған жәрдемақыны төлеу мерзімін үш жылға дейін ұзартуды ұсынып отыр.

Рекомендовать
Последние новости