Ауыл әкімдерін сайлаудың оң нәтижесі бүгінде айқын көрінуде - А. Балаева

Dalanews 26 апр. 2023 09:24 977

Жергілікті әкімдер ел алдындағы жауапкершілігін жете сезінуде. Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

"Саяси жүйені реформалау барысында өткізілген сайлау бүгінгі таңда өз жемісін беріп отыр. 2021 жылдан бастап Қазақстан ауылдық әкімдерді тікелей сайлау жүйесі енгізілді. Соның нәтижесінде электорат тікелей 1,3 мыңнан астам әкімді сайлады. Бұл үрдіс жалғасын табады. Алдағы уақытта ауылдық округтерде де дәл осындай науқан өткізу жоспарланып отыр.

Соның нәтижесінде әкімдердің сайлаушылар алдындағы жауапкершілігі арта түсті.

Қазірдің өзінде-ақ сайланған ауылдық әкімшілік басшылары өз таңдауының дұрыс болғанын ауылдастарына көрсетіп, дәлелдеуге тырысып жатыр, – деді ол Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясында сөйлеген сөзінде.



Балаеваның атап өткеніндей, сайланған ауыл әкімдерінің 50 пайыздан астамы жаңадан келгендер.

"Олардың басым көпшілігі бұрын-соңды мемлекеттік қызметте істемеген. Олар сайлауға өз ауылдарының әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсарту мақсатында өздерінің нақты жобаларымен, бағдарламаларымен келді, қазір бұл бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр, – деді Президент әкімшілігі басшысының орынбасары.

 

Рекомендовать
Последние новости