Рухани бірлік пен құндылықтарға деген өзара құрмет қана бізді қоғамдық үйлесімге бастайды - А. Балаева

Dalanews 26 апр. 2023 09:37 827

Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаеваның атап өткеніндей соңғы жылдардың бедерінде Ассамблея жұмысы айтарлықтай ширап, ұйымның тіршілігіне қан жүгірген. 

Бүгінгі күні былтырдан бері Ассамблея жиындарында жаңа форматтағы панельдік секциялар өткізіле бастаған. Бұл үрдіс биыл да жалғасын тауып отыр.

Оның пікірінше, ұйымның жұмысында өзгерістер уақыт талабы. Соңғы уақытта саяси оқиғалар Ассамблеяның осы өзгерістерге ілесуін талап өткен.

"Өздеріңізге мәлім, ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясының екінші күні өтеді. Еліміз үшін саяси маңызы зор осы іс-шараның алдында күн тәртібімен танысып ақылдасу үшін өздеріңізбен арнайы кездесіп отырмыз", – деді осы орайда Аида Балаева Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясында.

Бүгінгі жиынға ҚХА-ның мүшелері, Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі, Ассамблея жастары, Кәсіпкерлер қауымдастығы, ғылыми-сараптамалық топтар және басқа да сала өкілдері қатысып, өз пікірлерін ортаға салды.



"Ассамблея мүшелері, ұйымға қарасты құрылымдар ел мүддесіне, халық игілігі жолында мемлекетімізде ырысы пен ынтымақты нығайтуға қомақты үлес қосып келеді. Өздеріңіз білетіндей, 2022 жылы еліміз үшін үлкен саяси өзгерістер жылы болды. Оның нәтижесінде мемлекеттік басқару құрылымын толығымен жаңғыртты. Бұл іс-шаралардың бәрінде Ассамблея жанындағы институттар түгелдей белсенді қатысты.

Осы арқылы әрқайсысы еліміздің жаңғыруына өз үлесін қосты. Ең бастысы ел бірлігі сынға түскен маңызды кезеңнен абыроймен өте алдық. Ішкі тұрақтылық жолындағы мызғымас бірлігімізді көрсеттік. Біздің мақсатымыз біреу - ол мемлекетіміздің тәуелсіздігін сақтау. Еліміздің егемендігі бәрімізге ортақ құндылық, ал оны қастерлеп сақтау азаматтық парыз, – деді Аида Ғалымқызы.

Рекомендовать
Последние новости