Алматы облысында таяу болащқта 81 елді-мекенде ауыз су желілер қайта жаңартылады

Жарбол Кентұлы 31 июл. 2024 10:30 1559

Еліміздің бірқатар аймақтары секілді Алматы облысында да жаздың аптап ыстығы сумен қамту мәселесін қиындатып отыр. Халық санының артуы, ескірген желілер және ұтымсыз тұтыну құнды ресурс тапшылығын тудыратын факторлар өңірде кездеседі. Десек те, облыс басшылығы тұрғындарды тіршілік нәрімен қамтамасыз ету мақсатында кешенді шараларды жүзеге асыруда, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде өңірдегі елді мекендерді 100 пайыз орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету басты міндеттердің бірі болып табылады. Ағымдағы жылы сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғырту және салу бойынша 48 жобаны және кәріз желісі бойынша 18 жобаны жүзеге асыруға бюджеттен 27,9 млрд теңге бөлінген.

Ауқымды жұмыстар жаңа аумақтарды орталықтандырылған сумен жабдықтауға және қолданыстағы абоненттерге қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Ағымдағы жобалармен қатар, ұзақ мерзімді жоспарлар әзірленуде. Қазірдің өзінде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу және қайта жаңарту бойынша 72 жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде, «Әр елді мекенде таза ауыз су» ұлттық жобасына ерекше көңіл бөлініп отыр. Оның аясында 2024-2025 жылдары облыстағы 81 елді мекенде желілерді қайта жаңғырту, сондай-ақ 6 ауылда жаңа құрылыс жүргізу жоспарлануда.

Су ресурстарын басқаруды оңтайландыру үшін бірыңғай оператор – «Алатау Паблик Утилитес» коммуналдық шаруашылық ЖШС құрылды. Бұл бізге активтерді шоғырландыруға, қаржыландыруды орталықтандыруға, тарифтерді төмендетуге және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Коммуналдық шаруашылық мекемесі су ысырабымен болдырмаумен күреседі. Бұл үшін жеке желілерді санитарлық нормаларға сәйкестендіру, сондай-ақ олардың иелерінің жауапкершілігін арттыру жоспарлануда. Халық арасында суды ұтымды тұтыну мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ақпараттық науқан жүргізілуде.


Рекомендовать
Последние новости