2017 жылдың Қазақ аруы анықталды

Dalanews 20 мар. 2017 01:38 1066

Нұргүл Асанова сұлулық байқауы Астанада «Қазақ аруы-2017» сұлулық байқауының финалы өтті, – деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.

Шешуші сында жеңіс Батыс Қазақстан облысының өкілі Нұргүл Асановаға бұйырды. Бірінші орынға қызылордалық Зуxра Сайпи иелік етсе, ақтөбелік Гүлжанат Жұмажанова екінші орыннан көрінді.

Үздік үштікті қарағандылық Әйгерім Орынбекова түйіндеді. «Қазақ аруы» сұлулық байқауы Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтті.

Биылғы сайысқа еліміздің әр аймағынан іріктелген 16 ару қатысып, бақтарын сынады. Жыл сайын Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылатын «Қазақ аруы» байқауы бірнеше кезеңнен тұрады. «Биыл алғаш рет «Қазақ аруы» байқауына Виктория Петрова есімді ару қатысатыны жария етілді.

Байқауға қатысатын аруларға қойылатын талаптар – қазақ тілін жетік меңгеру, сұлу, ақылды және талантты болу, бойы 170 см-ден жоғары, салмағы – 53 келіден артық болмау керек. Сондай-ақ оған 16-22 жас аралығындағы қыздар бақ сынайды. Сұлулық байқауы осымен жетінші рет өтіп отыр. Оның үшеуі Астанада өткізілген. Еске сала кетейік, «Қазақ аруы-2016» байқауының жеңімпазы атыраулық Альмира Ахатова болған еді.

 

Дереккөзі: stan.kz

Рекомендовать
Последние новости