Ғаламторды шулатқан жас жұбайлардың жанжалы жарнама екен

Dalanews 20 мар. 2017 01:20 858

 

 

 

Қазнетте күйеуі жігіт пен қалыңдықтың жанжалдасқаны түсірілген видеолар тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

Әр ролик түрлі қалада түсірілген, онда айтылған сөздер бірдей. Видеоларда жас жұбайлар жұрттың көзінше жанжалдасады.

Барлық видеода жастар кредит жайлы айтады. Сөйтсек, бұл акцияны "Үйлену тойы индустриясы орталығының" өкілдері ұйымдастырған болып шықты.

Жоба жетекшісі Жан Мұқановтың айтуынша, олар жобаны ашқаннан кейін осылайша жарнамалағысы келген.

– Біз өз филиалдарымызды ашқан алты қалада бүгін осындай акция ұйымдастырдық. Барлық актер өз ісінің мамандары. Осылайша біз өзімізге назар аударғымы келді. Осындай дүрлігу болады деп ойламадық. Филиалдарымзды Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Астана, Алматы және Шымкентте аштық, – деді Жан.

– Мұндай орталықтардың елімізд аналогы жоқ. Біз үйлену тойын ұйымдастырумен айналысамыз. Тойлар өте жоғары деңгейде өткенін қалаймыз. Осы үйлену орталықтары тегін жұмыс істейді. Яғни бұл үйлену ХҚКО-лары секілді, осы орталықтардан шараны өткізуге кеңес алуға болады. Клиент біздің шара өткізіп беруімізді қаласа ғана ақша төлейді, – дейді ол.

Айта кетейік, Жан Мұқановтың Zhan Alemi Group ивент-компаниясы 12 жылдан аса уақыт бойы той индустриясы саласында жұмыс істеп келеді.

https://www.youtube.com/watch?v=TBiyYzGwBqU

https://www.youtube.com/watch?v=-Kv5ZSOvRPs

https://www.youtube.com/watch?v=rO4ku4gHRIg

Рекомендовать
Последние новости