Астана Нұрсұлтан қаласы болса...

Dalanews 23 қар. 2016 07:47 276

Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында қаралып жатқан «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы Қазақстан жетістіктерінің декларациясы» жобасында Елбасының есімін елорданың және еліміздің басқа да нысандарында көрсету ұсынылған.  Бұл туралы жобаны таныстырған Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тәуелсіздіктің ұлы жолы мәңгі болуы тиіс. Жоғарыда жарияланғандарды ескере отырып, елордада Тәуелсіз Қазақстан монументін тұрғызу қажет. Ел Конституциясында Тұңғыш Президент Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың біздің мемлекетімізді құрудағы бірегей еңбегін атап өтуді, Елбасының есімін елорданың және еліміздің басқа да нысандарында көрсетуді ұсынамыз», - деді Сұлтанов. Оның атап өтуінше, біздің тұтас мақсатымыз - Елбасы төңірегіне топтасып, ең қымбат қазынамыз - Тәуелсіз Қазақстанды көзіміздің қарашығындай сақтап, жаңа  ұрпақтарымызға аманаттап, мәңгілік ел құндылықтарын қастерлеу. «Тәуелсіздік біздің ең басты ұйыстырушы құндылығымыз болған, қазір де солай және болашақта да бола бермек», - деді депутат.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x