Кездесуге келген Қанат Ислам оқушыларды қызықтырған сұрақтарына жауап беріп қана қоймай, өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, кәсіпқой спорт саласындағы бірқатар кеңестерін берді.
– Мен де бір кездері сіздердей қарапайым интернатта тұрып, әлемдік деңгейдегі шаршы алаңда елдің байрағын желбіреткен чемпион болсам деп армандадым. Бастысы армандай білу қажет. Сондай-ақ, спортшы болғандықтан бірінші чемпион болуды емес, адам ретінде қалыптасуды көздеген жөн. Бір күні чемпион болдым деп атақ-даңқты көтере алмай кетіп жатқан жайттар да бар. Егер мықты спортшы болғыларыңыз келсе, жаттығу мен тағамға көптеп көңіл бөліңіздер. – деді Қанат Ислам.
Кездесу соңында тілегін білдірген боксшы сайыстарда рухани қолдау білдірген әрбір жанкүйерлеріне алғысын білдіріп, спортта жоғары жетістіктерге жетулерін тіледі.