Ақын Ардақ Нұрғазыұлымен шығармашылық кездесу өтеді

Ақын Ардақ Нұрғазыұлымен шығармашылық кездесу өтеді
"Отандасыңды ОҚЫ" жобасы аясында 27 қараша күні сағат 17.00-де "Дом Q" театрында (Фурманов көшесі, 119 үй) ақын, прозашы, аудармашы әрі әдебиет сыншысы Ардақ Нұрғазыұлымен шығармашылық кездесу кеші өтеді

15139569_1828856054024820_734843189_n
15139569_1828856054024820_734843189_n
Кездесуде Ардақ Нұрғазыұлы өз шығармаларымен қатар, Қытайдағы қазақтардың қазіргі заманғы поэзиясы мен прозасын ел назарына ұсынады. Ардақ Нұрғазыұлы Қытайдағы қандастар әдебиетінің озық үлгілерін топтастырып, кітап құрастырған болатын.

Ардақ Нұрғазыұлы - осы замандық қазақ әдебиетінің белді өкілі. Оның өлеңдері ағылшын, қытай, орыс, неміс тілдеріне аударылған.