Березовкадағы балаларды емдеуге ақша талап етті

Dalanews 08 шіл. 2016 03:36 222

Петицияға қол қойған 11 ата-ана және 77 қазақстандық, халықаралық құқық қорғау ұйымдары консорциум мүшелері Березовкадағы ауру балаларды емдетуге қаржылай көмек беруге міндетті деп есептейді.

– Балалардың ауруына Қарашығанақ кенішінен шығатын улы қалдықтар себепкер болып отыр. Бірақ ата-аналар балаларының денсаулығына зиян келтіргені үшін не ҚПО-дан, не Қазақстан билігінен әлі күнге дейін ешқандай өтемақы алған емес, – дейді "Балалар, әлде мұнай?" коалициясының мүшесі Сергей Соляник.

Березовка ауылы Қазақстандағы ең ірі мұнай кен орны Қарашығанаққа жақын жерде орналасқан. 2014 жылдың қараша айында ауылда жергілікті мектептің 26 оқушысы жаппай уланып, қайта-қайта естерінен тана беретін болған. Ауыл тұрғындары мұны мұнай кенішінен шығатын химиялық заттармен байланыстырады. Ал билік болса, балалардың улануының себебі, мектептегі от жағатын ошақтан газ шыққан деп түсіндірген.

2015 жылдың аяғында билік Березовка тұрғындарының 82 отбасын көрші Ақсай қаласына көшірген. Бірақ ауылда әлі 372 отбасы тұрып жатыр. Билік оларды биылғы жылдың соңына дейін толық көшіреміз деп отыр.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x