Италиядан келген оқытушылар Жетісу университетінде дәріс өткізді

Ақтоты Жапатова 03 нау. 2026 17:17

2026 жылғы 2 наурызда Жетісу университетіне италиян тілінің оқытушысы Алессандро Грасси және Letteratè италиян тілін меңгеру орталығының директоры Любовь Грасси ресми іссапармен келді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оқытушылар университет басшылығымен Марке политехникалық университеті филиалының студенттері мен оқытушыларын италиян тіліне үйрету жұмысын дамыту және болашақта өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, кездесу барысында Алессандро Грасси курсқа қатысушы студенттер мен оқытушыларға интербелсенді сабақтар өткізіп, италиян тілін практикада қолдану ерекшеліктерін түсіндірді.

Айта кетейік, аталған италиян тілі курсы 2025 жылғы 12 желтоқсанда басталған. Қазіргі уақытта курс онлайн және офлайн форматта жүргізілуде.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove