Шымкентте «күлдіргіш газ» сатқан 10 ойын-сауық орнының қызметі тоқтатылды

Самал Асқар 03 нау. 2026 16:48

Шымкент қаласының полиция департаменті адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін заттардың заңсыз айналымына қарсы жүйелі шаралар қабылдап жатыр, деп хабарлайды Dala news.

Ішкі істер министерствосының мәліметінше, жыл басынан бері қала аумағында «күлдіргіш газ» ретінде белгілі азот тотығын (закись азота) заңсыз сатумен айналысқан 10 ойын-сауық орны анықталған. Олардың заңсыз қызметі тоқтатылды.

Тексеру барысында құрамында ағзаға кері әсер ететін күшті әсері бар зат бар 417 баллон тәркіленді.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Полиция қолданыстағы заңнамаға сәйкес күшті әсер ететін заттарды, соның ішінде азот тотығын заңсыз айналымға шығарғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove