Ақмола облысы Щучинск қаласында болған жарылыстан кейін "Центр плова" дәмханасының иесі ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz ҚазТАГ басылымына сілтеп.
Облыс прокуратурасының мәліметінше, дәмханада болған өрт бойынша Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлігі ("Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу") бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеуді арнайы прокурорлар жүргізіп жатыр.
2 наурызда дәмхана иесі ұсталған. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Істің тергелу барысы Бас прокуратураның бақылауында.
Еске салайық, бұған дейін Щучинск қаласында бес қабатты тұрғын үйге тіркелген бір қабатты дәмханада газ ауа қоспасы жарылып, өрт шықты. Салдарынан тоғыз адам көз жұмып, бірнеше адам зардап шекті.
Жарылыстан қаза тапқандардың отбасына 2 млн теңгеден беріледі.
Сонымен қатар,қаза тапқандардың отбасыларының несиесі өтеледі.
