GOAL басылымының мәліметінше, футболшының Bombardier Global Express ұшағы Сауд Арабиясынан Испания астанасы Мадрид қаласына бағыт алған. Ұшу шамамен жеті сағатқа созылған.
Рейстерді қадағалау жүйесінің дерегіне сүйенсек, ұшақ жергілікті уақыт бойынша кешкі 20:00-де ұшып шығып, түнгі 01:00-ге дейін Мадридке қонған. Flightradar24 сервисі борт Мысыр аумағы мен Жерорта теңізі үстімен ұшқанын көрсеткен.
Алайда ұшақ бортында Роналдудың өзі немесе оның отбасы мүшелері болған-болмағаны белгісіз.
Әзірге әлемдегі ең танымал футболшылардың бірі жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Айта кетейік, Роналду 2023 жылдың басынан бері Сауд Арабиясында өнер көрсетіп келеді.
