Таяу Шығыстан Қазақстанға алғашқы жолаушылар жеткізілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл туралы көлік министрлігі хабарлады.
Бүгін Flydubai әуе компаниясы Дубай қаласынан Астана және Алматы қалаларына екі эвакуациялық рейс орындады. Нәтижесінде 306 жолаушы Қазақстанға оралды.
Аталған бағытта Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жұмыс жалғасуда.
Жақын уақытта Медина және Джидда қалаларынан қосымша эвакуациялық рейстер ұйымдастыру жоспарлануда.
