– Біздің ел 1929-1940 жылдары латын әліпбиін қолданып, бастан өткерді. Демек, біз латынға қайта ораламыз. Латын әліпбиі арқылы біз түркі халықтарына тілдік тұрғыдан жақындап, рухани жағымыздан кемелдене түсуімізге жол ашамыз. Әрине еліміз үшін тәуелсіздік, туған жер, ұлттық құндылық қасиетті ұғымдар. Міне бұл тұрғыда Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында мемлекеттік, ұлттық мәселелердің шешімі айтылды. Ендеше барлығымыз жұмыла кірісуіміз керек, – деді Жансейіт Қансейітұлы.
Кездесу аясында сөз алған белгілі саясаттанушы Ерлан Саиров: «Латынға оралу – саяси қадам, оңды шешім әрі тарихи оқиға» деп пікір білдірді. Басқосқандар жаңа әліпби турасында ойларын ортаға салды.
[caption id="attachment_31918" align="aligncenter" width="1022"] Фото. Самат Мырзалиев.[/caption]
Өкініштісі, қазір жаңа әліпбиді құптамайтындар да бар, бірі – кириллицаға үйреніп қалғандар, екіншісі – ескі әліпбиде жазылған кітаптары бар жазарман қауым. Бұдан еш қорықпауымыз қажет. Ең бастысы, саяси шешім қабылданды. Енді ары қарай оны жүзеге асыруға кіріскеніміз жөн екендігін айтты Әміржан Сағидрахманұлы.
Бұдан бөлек, Талғат Қалиев топтың түстік өңірдегі негізгі мақсатын айта келе, еліміздегі жастарға арналған орталықтардың жұмыс істеу жүйелерінің жаңарып жатқандығын жеткізді.
Кездесу соңында облыс басшысы арнайы келген қонақтарға алғыс білдіріп, жұмыстарына сәттілік тілеп, естелік сыйлықтар табыс етті.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі