2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: финалдық турнирдің жеребесі тартылды

Ақтоты Жапатова 06 жел. 2025 13:53

АҚШ-тың астанасы Вашингтондағы Кеннеди орталығында 2026 жылдың 11 маусымы мен 19 шілдесі аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтетін футболдан әлем чемпионатының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Dalanews.kz 

Әлемдік біріншілікке алғаш рет әрқайсысы төрт командадан тұратын 12 топқа бөлінген 48 құрама қатысады. Соңғы кезеңнің 42 қатысушысы бұрыннан белгілі. Тағы алты команда 2026 жылдың наурыз айының соңында болған матчтардың қорытындысы бойынша анықталады. Қазақстан тағы да әлемдік біріншілікке қатысушылардың қатарына кірген жоқ.

2026 жылғы ӘЧ топтары

A тобы: Мексика, Оңтүстік Африка Республикасы, Корея, плей-офф жеңімпазы (D жолы)
B тобы: Канада, Катар, Швейцария, плей-офф жеңімпазы (A жолы)
C тобы: Бразилия, Марокко, Гаити, Шотландия
D тобы: АҚШ, Парагвай, Аустралия, плей-офф жеңімпазы (C жолы)
E тобы: Германия, Кюрасао, Кот-д'Ивуар, Эквадор
F тобы: Нидерланд, Жапония, Тунис, плей-офф жеңімпазы (B жолы)
G тобы: Бельгия, Мысыр, Иран, Жаңа Зеландия
H тобы: Испания, Кабо-Верде, Сауд Арабиясы, Уругвай
I тобы: Франция, Сенегал, Норвегия, Еуропа жеңімпазы (2-жол)
J тобы: Аргентина, Алжир, Австрия, Иордания
K тобы: Португалия, Өзбекстан, Колумбия, Еуропа жеңімпазы (1-жол)
L тобы: Англия, Хорватия, Гана, Панама

Еуропалық плей-офф жолдары

A: Италия, Солтүстік Ирландия, Уэльс, Босния және Герцеговина
B: Украина, Швеция, Польша, Албания
C: Түркия, Румыния, Словакия, Косово
D: Дания, Солтүстік Македония, Чехия, Ирландия

Құрлықаралық плей-офф

1-жол: Жаңа Каледония, Ямайка, Конго Демократиялық Республикасы
2-жол: Боливия, Суринам, Ирак

Турнир 11 маусымда Мексиканың астанасы Мехикодағы әйгілі "Ацтека" стадионында басталады. Алаңға Мексика мен Оңтүстік Африка Республикасы құрамалары шығады.

Әлем чемпионы 2026 жылғы 19 шілдеде белгілі болады. Финал матчі "Метлайф" стадионында өтеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар