Бүгін жүлдегерлер тізімі белгілі болды. "Шабыттың" бас жүлдесі Алматы облысының тумасы, жас жазушы, бірнеше кітаптың авторы Қанат Әбілқайырға «Тылсым» атты туындысы үшін берілді. Бірінші орынды атыраулық жазушы Бақытгүл Сәрмек топтама әңгімелері («Жылу», «Балмұздақ», «Қоңыр қошқар») үшін алса, екінші орын астаналық қаламгер Арман Әлменбеттің «Біздің сынып» әңгімесіне бұйырды. Үшінші орынды Түркиядан келген жас жазушы Нұрбек Нұржанұлы топтама әңгімелері («Көктемгі жылу», «Қош бол, зебра», «Жұлдызға ұшқан ракета», «Тентек еді») үшін алды.
Бұдан өзге екі арнайы сыйлық тағайындалды. Бердібек Соқбақбаев атындағы арнайы жүлдені астаналық Темірлан Қылышбеков «Қара шал» әңгімесі үшін, Астана қаласының мәдениет мұрағаттар және құжаттама басқармасының сыйлығын ақтөбелік Әйгерім Қиықбай «Ағамның ақ ұшағы», «Менің құрбыларым» әңгімелері үшін алды.