Шығыс Қазақстан облысында ер адам өзіне ескерту жасаған полицейді өлтіріп кеткен, деп хабарлайды dalanews.kz.
4 қазанға қараған түні Өскемендегі дәмханалардың бірінде ер адам өзіне ескерту жасаған 40 жастағы жергілікті тұрғынға дене жарақатын салған.
"Алған жарақаттары салдарынан ол қайтыс болды. Күдіктінің әрекетінен тағы бір азамат зардап шекті. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді ШҚО ПД өкілі.
Қаза тапқан азамат полиция қызметкері болған. Оқиға кезінде ол қызметте болмаған.
Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбады.