2026 жылғы қаңтар-тамыз арасында «Halyk-Life» АҚ 242,1 млрд теңге сақтандыру сыйлықақысын жинады. Бұл – Қазақстандағы өмірді сақтандыру нарығындағы сыйлықақылардың жиынтық көлемінің шамамен 26,5%-ы. Компания қызметінің негізгі бағыты – классикалық және жинақтаушы өмірді сақтандыру, зейнетақы аннуитеті және қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қазақстандағы өмірді сақтандыру нарығы қарқынды дамып келеді. 2026 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылардың көлемі 913,3 млрд теңгеге жетті. Салыстыру үшін алар болсақ, былтыр осы кезеңде 664,2 млрд теңге болған еді.
Бұл нарықтағы ең ірі компаниялардың бірі – Halyk Life болып қала береді. Биыл 8 ай ішінде компания 242,1 млрд теңге сақтандыру сыйлықақыларын жинады.
Зейнетақы аннуитеттеріне деген сұраныс жоғары боп тұр
Нарықтың ең серпінді сегменттерінің бірі – зейнетақы аннуитеті болып қала береді. 2026 жылғы қаңтар-шілдеде сақтандыру секторының зейнетақы сыйлықақы көлемі 500 млрд теңгеге жақындады, ал аннуитеттік сақтандыру сегменті жылына 32%-ға өсім көрсетті.
Зейнетақы аннуитеті – зейнетке шыққан соң тұрақты төлем алып тұруға мүмкіндік береді. Өзі таңдаған бағдарлама бойынша клиент өмір бойы төлем алуға құқылы. Сондай-ақ шарттың талабы аясында жинағы индексацияланып, отбасы мен мұрагерлердің мүдделерін қорғау механизміне сүйене алады.

Бұл құралға қызығушылық артуының түп себебі азаматтардың зейнетке шыққан соң алатын табысына көбірек көңіл бөле бастауы, еңбек жолы аяқталған соң қаржыдан қысылмайтын көздерді алдын-ала даярлауға ұмтылуымен байланысты.
Білім – ұзақ мерзімді жинақтау мақсатының біріне айналуда
Бұл салада дамып келе жатқан тағы бір бағыт – жинақтай отырып өмірді сақтандыру бағдарламалары. Атап айтқанда, 3 жылдан 20 жылға дейін жасалатын «Білім-Life» бағдарламасы. Ол бойынша болашақта жоғары білім алу ақысын төлеу үшін капитал жинауға мүмкіндік береді.
Бағдарлама тек бала білім алу үшін қаражат жинауды көздемейді. Бұл құрал бойынша ересектер де білім алуға қаржы жинай алады. Шартты баланың ата-анасы, жақын туысы немесе заңды өкілі жасай алады, ал жинақ таңдалған кестеге байланысты-ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет, жыл сайын немесе бір рет толықтырылады.
Жүйенің артықшылықтарының бірі – мемлекеттің қолдауы: Бағдарлама аясында заңда белгіленген лимит шегінде жылына 5%, алкей жекелеген санаттағы азаматтар үшін 7% мемлекеттік сыйлықақы көзделген.
Білім беруге жинақтай отырып сақтандыруға деген қызығушылық мемлекеттік қолдау көлемімен де расталады. Биыл тамыз айында қаржы орталығы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы шарттар бойынша 65,1345 млн теңге мемлекеттік қолдау сомасын аударды.
Сақтандыру қаржылай жоспарлаудың бір бөлігіне айналып келеді
Зейнетақы және білім беруге арналған түрлерінен басқа, Halyk Life әртүрлі өмірлік жағдайларға арналған сақтандыру және жинақтау бағдарламаларын да дамытып келеді. Компанияның өнім желісінде life-Қорғау, Life-Жол, life-Рента, Бәйтерек, Halyk-Қазына, сондай-ақ зейнетақы аннуитеті және ЖОМС бағдарламалары ұсынылған.
Жұмыс орнында қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жеке маңызды бағыт болып қала береді. Ол қызметкерлерді қаржылық қорғауды қамтамасыз етеді және жұмыс берушілердің әлеуметтік жауапкершілік жүйесінің бөлігі болып табылады.
Нарық дамыған сайын жеке қаржы құрылымындағы өмірді сақтандырудың рөлі де өзгереді. Егер бұрын сақтандыру полисі күтпеген жағдайлардан қорғау ретінде қабылданса, бүгінде ұзақ мерзімді сақтандыру бағдарламалары нақты қаржылық міндеттерді шешу үшін – зейнетақы табысын қалыптастыру, білім алуға жинақтау, отбасын қорғау және қаржылық тұрақтылықты сақтау үшін көбірек қолданылады.
Нарық қатысушылары үшін бұл тек өнім түрлерін кеңейту ғана емес, сонымен қатар сақтандыру шешімдерінің ерекшеліктерін және оларды ұзақ мерзімді жоспарлауда пайдалану мүмкіндіктерін түсіндіре отырып, тұтынушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру қажеттілігін білдіреді.
Halyk Life Қазақстанның өмірді сақтандыру нарығының ірі ойыншыларының бірі бола отырып, халық пен бизнестің қаржылық қажеттіліктерін өзгертуге бағдарлана отырып, классикалық және жинақтаушы сақтандыру, зейнетақы аннуитеттері және корпоративтік сақтандыру бағыттарын дамытуды жалғастыруда.