Ақтөбеде үш көлік соқтығысып, екі адам көз жұмды

Ақтоты Жапатова 06 жел. 2025 12:14

Ақтөбеде көпір маңында ірі жол-көлік оқиғасы болды. Оқиға орнына бірден бірнеше жедел жәрдем бригадасы мен полиция қызметкерлері келді, деп хабарлайды Dalanews.kz 

Апат 5 қараша күні шамамен 22:00-де тіркелген. Алдын ала мәлімет бойынша, "Lexus" маркалы автокөліктің жүргізушісі жолда келе жатып "Subaru" көлігіне соқтығысқан. Соққыдан кейін «Subaru» бағытынан тайып, қарсы бағытта келе жатқан "Chevrolet Cobalt" автокөлігіне соғылған.

Полицияның мәліметінше, жол апаты салдарынан «Subaru» көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Тағы үш адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

"Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайы анықталып жатыр", деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар