Freedom Inside '26

Маңғыстау облысының әкімі тұрғындарды жеке қабылдауын таңға дейін тоқтатпаған

Маңғыстау облысының әкімі тұрғындарды жеке қабылдауын таңға дейін тоқтатпаған
видеодан кадр

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев Instagram парақшасында өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбайдың Ақтау тұрғындарын жеке қабылдауы таңғы 06:15-ке дейін жалғасқанын көрсетті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Желіде жарияланған видеода азаматтармен жеке жүздесу түн ортасы ауғанша тоқтамай өткенін көруге болады. Тұрғындар түрлі әлеуметтік, инфрақұрылымдық және тұрмыстық мәселелерін көтерген.

Еске салайық, 5 желтоқсан күні күндіз облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай мен қала әкімі Әбілқайыр Байпақов Ақтау қаласының тұрғындарымен кездесіп, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді. Тұрғындар жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік және әлеуметтік мәселелерді көтерді. Өңір басшысы барлық сауал кезең-кезеңімен шешілетінін айтып, тиісті басқармаларға тапсырма берді.