«2017 жылы 516 құраса, ағымдағы жылдың 9 айында 657-ні құраған. Бұл тіркелген арыз-шағымдардың санының көптігін, кәсіпкерлер тарапынан заң бұзушылықтардың болып жатқандығын көрсетеді. Сондықтан, кәсіпкерлер өз істеріне үлкен жауапкершілікпен қарауы тиіс. Яғни, Елбасы айтқандай, тек пайда табуды ғана көздемей, ең бірінші кезекте, азаматтардың қауіпсіздігі туралы ойлауы керек. Сапалы өнім шығарып, сапалы қызмет көрсетуі тиіс», – деді Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы.
Департамент берген мәлімет бойынша, мемлекет әкімшілік кедергілерді азайту барысында көптеген тексерістен, рұқсат беру және басқа да рәсімдерден бас тартты.
"Сондықтан, ұсынылатын тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі үшін бизнес қоғамдастығы да жауап береді. Жалпы, бизнес пайда табуды ғана емес, сондай-ақ, мемлекетпен бірлесіп азаматтарымыздың қауіпсіздігі мен жайлы тұрмысын қамтамасыз етуді де ойлауы керек». Бұл да жолдауда айтылған Елбасының сөзі.
Айта кетелік, Қазақстанда тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитеті құрылуы мүмкін. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықты сапасыз әрі денсаулыққа қауіп төндіретін өнімдерден қорғайтын комитет құруды тапсырған болатын.