Автомобильмен жүк тасу және ТХКБ арқылы жүк тасуды дамыту үшін бірлескен кәсіпорын құруға да уағдаласты.
– Бірлескен кәсіпорын тариф белгілеу және жүктерді декларациялау мәселелерін шешуге, бірыңғай IT шешімдер қолдануға және аталған бағытта транзит жүктерді шоғырландыруға мүмкіндік береді. Уағданы іске асыруға арнайы жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды, – деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен.
– Тбилиси қаласында өткен кездесуде Грузия тарапы ТХКБ-ны ілгерілету үшін бірлескен логистикалық компания құру жөніндегі қазақстандық бастаманы қолдады. Кездесу қорытындысында бұл бағдарды одан әрі дамыту туралы бірлескен декларацияға қол қойылды, – деп қосады министрлік.
Айта кетейік, биыл ТХКБ арқылы жүк тасымалдау екі есе ұлғайтылмақ.
Ресейге санкциялар салынып, мұнайды экспорттау мәселесі талқыланып жатқан тұста Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) арқылы жүк тасымалдау көлемі алдағы уақытта екі есе ұлғайтылатыны хабарланды. «Қазақстандық экспорттаушылар биыл ТХКБ-ге басқа бағыттардан 2 млн тоннаға дейін жүк жөнелтуді жоспарлап отыр. Оның ішінде мұнай өнімдері, металл өнімдері және көмір бар. Тиісті көлемді 4 млн тоннаға дейін арттыруға болады» деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб отырысында.
ТХБК бойынша екі бағытта 10 млн тоннаға дейін, оның ішінде 200 мың контейнерге дейін тасымалдауға болады.
Бірінші бағыт: Ақтау/Құрық – Баку (Алят) – Әзірбайжан теміржолдары – Грузия теміржолдары – Батуми/Поти порты және әрі қарай Қара теңіздегі Варна/Бургас (Болгария) немесе Констанцаға (Румыния).
Екінші бағыт: Ақтау/Құрык – Баку (Алят) – Әзірбайжан теміржолдары – Грузия теміржолдары (Баку-Тбилиси-Карс бағыты) – Түркияның Қара теңіздегі және Жерорта теңіздегі