«Резиденцияның қажеті жоқ». Бозымбаев хан сарайындай үйді балаларды оңалту орталығына өткізіп берді

«Резиденцияның қажеті жоқ». Бозымбаев хан сарайындай үйді  балаларды оңалту орталығына өткізіп берді
Алматы облысы әкімі Қанат Бозымбаев Панфилов ауданының орталығы Жаркент қаласындағы 2013 жылы салынған облыс әкімі резиденциясын балаларды реабилитациялау орталығына өткізіп беретінін айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Сөз реті келіп тұрғанда айта кетейін, осы Жаркент қаласында облыс әкімінің резиденциясы тұр. 2013 жылы салынған. Ғимарат көлемі 910 (тоғыз жүз он) шаршы метр. Жер көлемі – бір гектар.

Маған сол резиденцияның еш қажеттілігі жоқ. Ауданға келсем, Жаркентте қонатын жап-жақсы қонақ үйлер бар. Тамақты дәмді дайындайтын дәмхана, кафе көп. Сондықтан, резиденцияны балаларды реабилитациялау орталығына өткізіп беремін.


Бұл резиденцияны реабилитациялау орталығына айналдыру ерекше балаларды бағып-қағып отырған ата-анаға, өмір сүру үшін әр сәтте күреске түскен ерекше балаларға аса қажет деп ойлаймын, – деді Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев.