TikTok-та ақша таппақ болған ақтөбелік 2 млн теңгесінен қағылды

Кәмшат Тілеухан 25 қыр. 2025 09:42

Ақтөбе облысындағы Қарғалы ауданының тұрғыны алаяқтық құрбаны болды. Ол TikTok-тағы видеоға "лайк" басып, әрқайсысына пікір білдіріп, оны суретке түсіргені үшін 300-ден 800 теңге аралығында ақша табуды ұсынған Telegram-дағы арналардың біріндегі жарнаманы көреді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Тез ақша табу құлқының жетегімен ер адам "әкімшінің" шарттарына келісіп, оның нұсқауы бойынша әрекет еткен. Оған белгілі бір сайтқа тіркеліп, фильмдер сатып алу ұсынылған. Қаскөйлер оған салынған инвестиция 30% пайда әкеледі деп сендірген. "Жұмыс процесі" барысында ер адам "фильм сатып алу" үшін өзіне берілген банктік карта шоттарына ақша аударып отырған. Салдарынан қаскүнемдер жәбірленушінің сенімін асыра пайдалана отырып, оның 2 млн теңгеден астам ақшалай қаражатын иемденген" деп жазады жергілікті "Мой город" порталы.

 
Аталған факті бойынша тергеу шаралары қолға алынды.
 
Бұған дейін алаяқтар "ұтыс лотереяларын" ойнату арқылы көлік орындықтарына арналған массаж жабындыларын нарықтағы бағасынан 10 есе қымбатқа сату фактілері тіркелгенін жазғанбыз. Мұндай тұзаққа, көбіне қостанайлықтар түскен. Оларға көшеде тегін заттың лотереясы ұсынылған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар