Жалпы, деструктивті діни ағымдар да заман ағымына сай өздерінің жұмысын жаңартып, жаңғыртып отыратынын ұмытпауымыз керек. Бүгінде діни ағамдардың өз жұмысын көшеде ашық жүргізбегенімен бүкіл халық көз алмай қарап отырған әлеуметтік желіде жұртты арбап, көпшілікті өз жағына тартуға әрекеттеніп жүргені жасырын емес. Осылайша экстримистік топтар әлеуметтік желіні де өзінің идеологиясын насихаттайтын құралға айналдырып алды.
Осыған дейін технологияның қарыштап дамуы адамзат баласының білімдарлығын арттырып, көкірек көзін аша түседі деп бір жақты ойлап келдік.
Бірақ экстримистік ұйымдардың жаңа технология игілігін өз мақсатына пайдаланғанын көргенімізде адамдардың білімді болу технологиямен байланыстырудың қате екенін көзіміз жеткендей болды. Білімді болу, оқуға құмарту адамның жеке ықыласынан туындайтын дүние екенін байқадық. Кез келген қоғам жаңа технологияның көмегін пайдаланып діни экстризмге тойтарыс беру керек.
Діни экстримизмнің алдын алу ауқымды үлкен жұмыс. Мұны мемлекеттік деңгейді іс-шаралар қабылдап қана шектеуге болады. Қазіргі таңда біздің елімізде діни экстримизмнің кең тарлмауы үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Бұл ретте арнайы заңдардың қабылданып, қой терісін жамылған экстримистік ұйымдардың нақты немен айналысатынын ашып айтып, халықты сақтандырып отыратын жүйе қалыптасқан.
Өз кезегінде Dalanews.kz ақпараттық агенттігіне Шығыс Қазақстан облысы бойынша Дін істерін зерттеу орталғының директоры Ернар Қыдырмоллаев елімізде деструктивті ағымдарға қарсы күрестің қалай қалаптасқанын қысқаша әңгімелеп берді.
– Деструктивті ағымдарға қарасы күреске мемлекетіміз қатты көңіл бөліп отыр. Өз басым бұл бағыттағы жұмыстарды үшке бөліп атауға болады. Біріншісі, ақпараттық түсіндіру жұмыстары. Біздің орталық Шығыс Қазақстан облысы аумағында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын үздіксіз жүргізіп келеді. Ақпараттық жұмыстарды жүргізгенде кезінде қандайда бір теріс ағымдардың арбауына түсіп қалған топтар мен адамдармен біздің мамандар жүйелі түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Өйткені оларды бір айтқаннан райынан қайта қоймайтыны белгілі. Сол себепті мұндай адамдарды тіркеуге алып, олармен ұдай жұмыс істейміз. Ал қарапайым халыққа «діни экстримизм мен діни тероризм не екенін, одан өзі мен жақындарын қалай сақтаудың жолдарын түсіндіреміз.
Екінші, адерстік жұмыс деп аталады. Орталықтың телогтар мен мамандары деструктивті ағымның соңына түсіп кеткен адаммен бетпе-бет отырып жұмыс істейді. Теріс ағымдардың насихаты өтіп кеткен мұндай адамдардың бір сәтте бетін қайтару мүмкін емес. Өйткені олардың да қарсы айтатын уәжі таусылмайды. Мұндайда біздің теолог мамандар қазақ топырағында пайда болған дәстүрлі діндер жайында мағұлмат беріп, адасқан адамның көзін ашуға тырысамыз. Жат ағымның соғына түскен адамдармен жұмыс істеудегі тиімді тәсілдің бірі – біздің заңдарымыз болып тұр. Мамандар ел азаматтары Қазақстанның заңдарын басшылыққа алып өмір сүретінін айтып, түсіндіреді. Қазақстан заңдары ел аумағында деструктивті ағымдардың шектеп, оны насихаттаушыларды қылмыстық жауапкершілікке тартатынын айтып жан-жақты түсіндіреміз. Осылайша деструктивті ағымдардың жетегінде кеткен азаматтардың санасына сәуле түсіруге барынша тырысып келеміз.
Осы ретте екінші бағыт бойынша бостандықта жүрген азаматтардың ғана емес, діни экстризм бойынша айыпталып темір тордың арғы жағында жазасын өтеп жүрген азаматтармен де жұмыс істейтінімізді айта кетуіміз керек. Осылайша біздің мамандар түзету мекемелеріне жүйелі түрде барып, олардың сұрақтарына жауап беріп, дәстүрлі дініміз бен құндылықтарымыз жайында әңгімелеп оларды мазалған сұрақтарға жауап береді.
Үшінші бағыттағы жұмысымызды ғаламтор желісіндегі контрпропагандалық жұмыс деп атасақ болады. Қазіргі таңда деструктивті ағамыздар индеологиясын әлеуметтік желі мен интернет желісі арқылы жүргізгенді жөн көреді. Халықтың жат ағымдардың арбауына түсіп қалмауы үшін орталықтың контрпропагандалық бөлімінде білікті телогтар, психолог мамандармен қатар интернет желісін жетік белетін ІТ мамандары да үздіксіз жұмыс істеп келеді. Орталық қызметкерлері дініи ағымдардан қалай сақтануды үндейтін қысқа метражды фильмдер мен роликтерді әлеуметтік желілерге ұдайы жүктеп отырады.
Бұдан басқа біздің теолог мамандар дінгі қатысты халықты мазалап жүрген сұрақтар бойынша арнайы роликтер түсіріп, оны кеңінен насихаттаймыз. Осылайша облыс аумағындағы халықтың жат ағымдардың арбауына түсіп кетпеуі үшін бар күш-жігерімізді салудамыз, – дейді Ернар Қыдырмоллаев мырза.
Бүгінде дестурктивті ағымдарға қарсы жұмыстарды бір сәтке де босаңсытуға боламайды. Олар бос кеңістікте лезде өз идеологиясымен толтырып тастайтыны белгілі. Сондықтан еліміздің әр облысында Дін істерін зерттеу орталықтарының жасқаталып, діни экстрмизмге қарсы жұмыстардың жүріп жатқанын көпшілік болып қолдауымыз керек. Бұл саладағы теолог мамандардың санын арттырып, халықтың діни сауаттылғын көтерген сайын қауіп бұлты сейілетіні анық.