Теңге алты жыл ішінде рекордтық қарқынмен құнсызданған - DATA HUB

Кәмшат Тілеухан 05 қаң. 2025 13:29 756

"2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 1 қаңтарға дейінгі аралықта ұлттық валютаның ресми бағамы 15,5%-ға, яғни 525,11 теңгеге әлсіреді. Мұндай жоғары қарқын соңғы рет 2019 жылдың қорытындысы бойынша тіркелген (15,6%) еді". Осылайша Бірінші кредиттік бюро бір жыл барысында ұлттық валютамыз - теңге 15,5%-ға айтарлықтай құнсызданғанын тағы бір мәрте еске салады, деп жазады Dalanews.kz.

Бұлай болатынын алдын-ала болжау, әрине қиын еді. Өйткені 2024 жылдың алғашқы үш айында теңгеге шаққанда 1 АҚШ доллары 450 теңге айналасында айтарлықтай тұрақты болып сақталды.

"Содан кейін ұлттық валюта қымбаттауын бастады және мамыр айының ортасына қарай бір жылдан астам уақыт ішіндегі ең жоғары деңгейді қамтыды (439,4 теңге). Ол кезде теңгенің бұлайша күрт нығайюы, ең алдымен республикалық бюджет трансферттерін қамтамасыз ету үшін Ұлттық қордан сату үшін валюталардың көптеп алуымен байланысты екені айтылды. Ал маусым айында сатылым көлемінің төмендеуімен бірге жағдай өзгере бастады, яғни ұлттық валюта әлсіреуге көштіЖаздың ортасынан бастап "Қазатомөнеркәсіп" акцияларын сатып алу бойынша мәміле шеңберінде алтын-валюта қорынан валюта алып, сату теңгеге қосымша қолдау көрсетті, ал Ұлттық қордан валюта алып сату жағдайы өсімге оралуға түрткі болды. Бірақ осының бәріне қарамастан, теңге өз позициясын тез жоғалта бастады" делінген DATA HUB-тың Telegram арнасында.

Қараша айында іс насырға шапқаны сонша, Ұлттық банк көптеп бері алғаш рет 1,05 млрд долларға валюталық интервенциялар жүргізуге мәжбүр болды. Бұл шараның қажеттілігі сыртқы және ішкі факторлардың жиынтығынан, ең алдымен доллардың жалпы нығаюынан туындаған "валюта нарығындағы құбылмалылықпен" байланыстырылды. Қалай болғанда да, күздің соңында ұлттық валюта  жаңа тарихи минимумды игеріп, 1 АҚШ долларының құны 513 теңге болды.

"Желтоқсан айында Ұлттық банк тағы да 307,6 млн долларды сату арқылы интервенциялар жүргізді. Сондай-ақ, теңге бағамын Ұлттық қордан 900 млн доллар көлемінде валюта алып, сату және БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін қолдау үшін валюта сатып алмау сынды жағдайлар қолдау керек болатын. Алайда, 2024 жылдың соңғы айының қорытындысы бойынша ұлттық валюта бағамы тағы да әлсіреді, атап айтқанда 2,7%-ға немесе 13,89 теңгеге", - дейді DATA HUB сарапшылары.

Қалай дегенмен де 2025 жылы ұлттық валюта басына үйірілген бұлт әлі де сейілмегені белгілі болып отыр. Өйткені Ұлттық банк бүгінгі мәлімдемесінде қаңтарда да Ұлттық қордан қомақты көлемде валюталар алынып, сатылатынын мәлімдеді.

"Қаңтар айында Ұлттық қордан, салыстырмалы түрде жоғары деңгейде, 750 млн-нан 850 млн долларға дейін көлемде валюта алып, сату болжанады, ал БЖЗҚ-да валютаны сатып алу жоспарланбаған. Бұл шаралар теңге көмектеседі ме, әлде көмегі шамалы болады ма, оны алда көретін боламыз", - дейді мамандар. 

Бұған дейін республикалық бюджетке трансферт бөлуге Үкіметтің алдын ала болжамды өтінімдері бойынша 2025 жылғы қаңтарда Ұлттық банк Ұлттық қордан 750 млн АҚШ долларынан 850 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта алып, сатылады деп күтілетінін жазған болатынбыз.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар