Тәуелсіздік жылдары ШҚО-да ауыл шаруашылық өнімі 7,2 млн теңгеден 691 млрд теңгеге дейін жоғарлады

Dalanews 13 жел. 2021 07:06 1064

Агроөнеркәсіптік кешен Шығыс Қазақстан экономикасының ажырамас бөлігі болып табылады. Облыс республикада сүт, күнбағыс, бал және пантылар өндірісі бойынша жетекші орында. Сондай-ақ, ет өндірісі бойынша екінші орын және картоп бойынша үшінші орын алады. Тәуелсіздіктің 30 жыл ішінде аймақтың агроөнеркәсібі жақсы көрсеткіш көрсетіп келеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

ШҚО ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 1991 жылдан бастап 7,2 млн теңгеден 691 млрд теңгеге дейін өсті. Мал шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 78 мың есеге артты (1991 жылғы 4,7 млн теңгеден 2020 жылы 366 млрд теңгеге дейін), деп атап өтті өңір әкімдігі.

Сүт бағытында соңғы бес жыл ішінде 9 мың басқа арналған 38 сүт-тауар фермасы салынып, 70 сүт қабылдау пункті құрылды.

Салынған инвестициялар халықтан сүт сатып алуды ақшалай 18 есеге, заттай  8 есеге (7,5 мың тоннадан 57,2 мың тоннаға дейін) ұлғайтуға мүмкіндік берді. 2015 жылдан бастап сүт өңдеу кәсіпорындарының қуаты 29-дан 96 пайызға дейін артты.

– Аграрлық сектор мен қайта өңдеу өнеркәсібін одан әрі дамыту көзделген. Бұл ретте  дайын өнімдерді алу үшін ауыл шаруашылығы шикізатын жоғары дәрежеде қайта өңдеуді қамтамасыз етуге баса назар аударылады, – деп хабарлады облыс әкімдігі.


Тәуелсіздік жылдарында облыста сүт өңдеу, май-тоң май, ұн-құрама жем және басқа да салалардың 19 ірі кәсіпорны пайдалануға берілді.

Мысалы, «Восток-Молоко» және «Эмиль» корпорациялары жоғары сапалы дайын өнім шығара отырып, сүтті қайта өңдеудің толық циклын жандандырса, «Багратион» кәсіпорны – ірімшіктер, сары май шығаруды ұйымдастырды.

Облыстың ішкі су қоймаларының әлеуеті кең бейінді балық шаруашылығын – бақтақ , албырт балықтарын, шаян тәрізділерді өсіру, кешенді балық шаруашылығын дамыту үшін алғышарттар жасауда.

Қазіргі уақытта Ұлан ауданында бекіре тұқымдас балықтардың Бестер гибридінің уылдырығы мен етін өндіретін зауыт («OstFish» ЖШС) жұмыс істейді. Бұл сыртқы нарықтарды игерудің алғашқы қадамы.

Ағымдағы жылы екі ірі май экстракциялық зауыт салу көзделген. Олардың бірі – қуаты 300 мың тонна «QazaqAstyqGroup» ЖШС пайдалануға берілді.


Қуаты жылына 300 мың тоннаға дейінгі мультикультураларды қайта өңдеу бойынша Предгорное ауылы, Глубокое ауданындағы екінші «AltynShyghys» ЖШС комбинаты ағымдағы жылдың желтоқсан айында іске қосылатын болады.

Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізілген агроөнеркәсіптік кешенді дамыту көрсеткіштері өңір халқының қажеттілігін аса маңызды әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар