Суармалы егіншілікті дамытудағы заманауи әдістер

Dalanews 02 қаз. 2023 16:04 1009

Әлемдегі өркениетті дамыған елдердің барлығы қазіргі таңда аграрлық іс-әрекеттерін гидромодульдік үлгілеуді жобалау арқылы іске асыруды жаппай қолға алуда. Бұл өндірістік ғылымның саласын жан-жақты негіздеп, Қазақстанда қалыптастыру мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін анықтау үшін, нақтылы зерттеу жұмыстарын жоғарғы деңгейдегі ақиқаттық шындық дәрежесінде орындау қажет.

Әсіресе, суармалы егіншілік жүйесінде гидромодульдік жобалау процесіндегі бірінші қадам болып саналатын «территориялық талдауға» арналған құрамды бөлігінің зерттеу әдістерін тиянақтылықпен орындап, күмәнсіз нәтижелер алынуға тиіс.

Сондықтан зерттеліп отырған отырған жұмыста, Қазақстан агроландшафттарды танып, біліп, ауыл шаруашылық ғылымы тұрғысынан талдау мақсатында қазіргі заманауи геоақпараттық жүйені бейімдей пайдаланудың оңтайлы жолдары іздестірілуде.

Зерттеліп отырған жобаның өзектілігі Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтыңтың Қазақстан халқына жолдауындағы «Қазір ауыл шаруашылығына арналған жер туралы толыққанды ақпарат жоқ.

Жердің құнары, су ресурсы мен суару жүйесі және оның жолдары жайлы мәліметтер жан-жақта шашырап жатыр. Цифрлық платформа осының бәрін бір жерге жинақтайды» – деген сөзіне толық сәйкес келеді. Оның ішінде нақтылы екі мәселені қамтиды. Оның біріншісі аумақтағы агроландшафттардың жүйесін зерттеу барысында физикалық-географиялық тұрғыда картографиялық талдау жасаудың маңызы зор.

Бұл процес, негізінен, суармалы егіншілік жүйесінің гидромодульдік жобасын жасаудағы бес кезеңімен байланысты: зерттелетін нысандарды территориялық тұрғыда талдау жасау; олардың экологиялық бағасын беру; әрбір анықталған агроландшафттардың морфологиялық бірліктерін жер ыңғайларына қарай топтастыру; топтастырылған агроландшафттарға арналған кешенді агротехнологиялық шараларды анықтау; әрбір агроландшафттың төлқұжаттары мен сертификаттарын дайындау. Осылардың бастамасы және біріншісі болып есептелінетін «зерттелетін нысандарды территориялық талдауының» өзі де бірнеше кезеңді қамтиды: территорияның топырақтық-геоморфологиялық, жер бетінің сулары мен ирригациялық жүйесінің және суармалы егіншіліктің гидромодульдік картасын жасау мақсатына негіздеген.
Екіншісі суармалы егіншілік жүйесінің гидромодульдік жобалаудағы жасалатын агроландшафттық карталардың ақиқаттық шындыққа жауап беретін дәрежелерінің жоғары деңгейде болуы.

Бұл өзекті мәселе қазіргі заманауи геоақпараттық жүйеден (ГАЖ) тұратын технологияны тікелей пайдалану немесе оларды ізденістердің мақсаттарына қарай жаңарту бейімдеулерін сауаттылықпен жүргізу болып табылады.

Геоақпараттық жүйеде талдау жұмыстарындағы бұл екі өзекті ғылыми-зерттеу мәселенің үйлесімділігін, әсіресе, суармалы егіншілік жүйесінің гидромодульдік жобалау сияқты практикалық маңызы өте зор жобаларды қалыптастыруда шешуші роль атқарады.

Ең бастысы, зерттеудегі жобамыздың мақсаты мен алынған ғылыми нәтижелері «Қазақстан – 2050» стратегиясындағы ұстанымдардың талаптарына жауап беріп, президентіміздің саясатындағы жаңа экономикалық саясатты іске асыруда өз үлесін қосатыны. Осылардың ауқымында жобадағы зерттеу жұмыс – ғылымды дамытудағы басым бағытқа ие және республикамыздағы мемлекеттік бағдарламаларға толық сәйкес келетініне күмәніміз жоқ.

Какимжанов Еркін Хамитұлы
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар