Бүгін Үкіметттің кеңейтілген отырысында министрлер кабинеті қосымша құн салығы (ҚҚС) мөлшерлемесін өсіру, ал осы салық түрін тіркеудегі шек көлемін, керісінше 78 миллионнан 15 млн теңгеге төмендету керектігін айтты. Осыған қатысты қаржы саласының сарапшысы Андрей Чеботарев өзі пікірін білдірді, деп жазады Dalanews.kz.
Ол реформаның негізгі тұстары мен салдарын талдай отырып, мынандай бірқатар түйінді ойды алға тартады:
"Біріншіден, бұл реформа бұрын қолға алынуы керек еді. Өйткені Қазақстанда салықтың көлемі төмен екені, оның бір кездері міндетті түрде көтерілетіні туралы сарапшылар көптен бері айтып келеді. Дегенмен Үкімет соңына дейін тартынып, "бюджетте үңірейген жыртық" пайда болғанша, бұл мәселеге тиіспей келді.
Екіншіден,салық мөлшерлемесін бірден көтеру және шекті бірден төмендету керек пе? Әрине, мұндай жағдай инфляциялық соққыға алып келеді. Бірақ бір мезетте ауыр соққы болып, артынан әсері жылдам басылады. Ал егер салық мөлшерлемесін біртіндеп, кезең-кезеңімен арттыратын болсақ, жалпы жинақталған инфляция ұзақ мерзімді жоғары инфляцияға соқтыруы мүмкін. Себебі бизнес болашақ тәуекелдерді бағаға бірден қосып қояды.
Үшіншіден, тіркеу шегін төмендету бизнесті көлеңкеден алып шығуы керек, керісінше, көлеңкелі экономикаға қарай қуадамалай. Қазірдің өзінде,тым жоғары шектің кесірінен бизнестің жаппай "бөлшектеліп" жұмыс істеу тәсіліне көшкенінің куәсі болып жүрміз. Яғни табысын бірнеше бөлікке бөліп, әрқайсысына жеке шот ашып, осылайша салықтан жалтарып жүргені мәлім. Дәріхана, дүкен, мейрмахана, барлығына қараңыз, солай жұмыс істейді. Жаңа шарттарға байланысты тағы көлеңкеге кетуі мүмкін бе олардың? Міндетті түрде. Алайда төмен шекте мына цифрландыру дәуірінде бұлайша жасыру қиынға соғары анық.
Төртіншіден, бұл тығырықтан шығудың басқа жолы бар ма? Әрине! Ұлттық қор қаражатын және сырттан қарыз алу арқылы әлі 20-30 жылға дейін өмір сүруге болады. Мұнда тұрған дәнеме жоқ, көптеген дамыған елдер солай өмір сүреді. Дегенмен, ол мұның "жоғары салықтан да қауіпті салдары болуы мүмкін" екенін меңзейді.
Бесіншіден, бізде басқа амал қалды. Тығырықтан шығар тек екі жол бар: тарифтер мен салықтарды бұрынғыша тізгіндеп қойып, балаларымыздың болашағына деген ақшаға және сырттан алынған қарыздарға өмір сүре берелік. Немесе тарифтер мен салықтарды көтеру керек. Әрине, бұл шараға әлдеқашан біртіндеп көшкенде қазір мұның салдары ауыр болмас еді.
Алтыншыдан, кез келген елде кәсіпкерлер салықты аз төлеуді қалайды. Бір де бір халық өздеріндегі салық мөлшері төмен деп санамайды, оны төлеуге де құлықты болмайды".
Қорыта келгенде, сарапшы Үкіметтің салық реформасы қысқа мерзімде инфляциялық қысым тудыруы мүмкін екенін мойындайды, бірақ билік бұдан әрі "шұғыл қадамға бармаса, ұлттық экономиканың тұрақтылығы нашарлай түседі" деп есептейді.
Айта кетсек, бұған дейін Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Олжас Бектенов қосымша құн салығы мөлшерлемесін көтеру керек деп санайтынын жария еткен. Оның айтуынша, осылайша Еңбекақы төлеу қорына түсетін жүктемені күрт азайтуға болады. Сондай-ақ вице-премьер-ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ҚҚС шегін қазіргі 78 млн теңгеден 15 млн теңгеге дейін төмендетуді ұсынды. ҚҚС өскен жағдайда үкімет жұмыс берушінің аударуы тиіс әлеуметтік салығы мен міндетті зейнетақы жарналарын жоюы мүмкін. Бұл Еңбекақы қорына түсетін жүктемені 10-30%-а төмендетеді деп күтіледі. "Ал мұндайда бұл шығындарды бюджет өз мойнына ала алады", - деп атап өтті вице-премьер Серік Жұманғарин.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің қосымша құн салығы (ҚҚС) көлемін арттыру туралы ұсынысын қолдады. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл ретте реформа керек. Ал сарапшылар қауымының бірі парасы бұл бастамаға наразы.