Сауалнама нәтижесіне сәйкес, биыл мамыр айында жинақ жасап жүрген отбасылардың үлесі 27,2%-ға жеткен. Былтырғы мамырда бұл көрсеткіш 21,9% болған, деп хабарлайды dalanews.kz.
Азаматтардың басым бөлігі өз қаражатын депозитте сақтауды жөн көреді. Қазіргі таңда сауалнамаға қатысқандардың 67,1%-ы жинақтарын банктік депозиттерде ұстайтынын айтқан. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 67,4% болған.
Қолма-қол ақша түрінде қаражат сақтайтындардың үлесі 33,8%-дан 35,2%-ға дейін өскен. Ал жылжымайтын мүлікке инвестиция салуды таңдағандардың үлесі 19,2%-дан 21,3%-ға артқан.
Бүгінде жеке тұлғалардың депозиттерінде жалпы көлемі 28,4 трлн теңге сақтаулы.
Қолма-қол ақша ұстауды жөн көретіндердің ішінде қаражатын теңгемен сақтайтындар басым. Олардың үлесі бір жылда 81,6%-дан 87,6%-ға дейін өскен. Ал доллармен жинақ сақтайтындардың үлесі 40,7%-дан 30,4%-ға төмендеген.
Сонымен қатар, еуромен ақша сақтайтындардың үлесі 3,8%-дан 5,9%-ға өссе, рубльмен жинақ ұстайтындардың үлесі 5,9%-дан 4,3%-ға азайған.