Ресей Балтық елдеріне басып кіре ме?

Dalanews 21 нау. 2015 05:53 977

[caption id="attachment_9871" align="alignleft" width="357"]евгений криштаф Евгений Криштафович[/caption]

 Ресейдің Балтық елдеріне басып кіруі мүмкін бе осы? Қырым мен Украинадан кейінгі кезек кімге келеді? Біздің сауалымызға эстониялық «Еуропалық бастамалар орталығының» директоры Евгений Криштафович жауап берді.

– Эстон халқы қазіргі Украиндағы жағдайға, оның Путиннің әрекетіне қандай баға береді?

– Біздің позициямыз Еуроодақ пен НАТО-ның ұстанымынан алыс жатқан жоқ, білесіздер. Қырымды тартып алып, енді Украинаның шетін кертіп алғысы бар Путиннің әрекетін айыптаймыз. Эстонияда Украинаға қолдау білдіретін күніне бірнеше шара өтеді.

Біздегі Ресей Елшілігінде маза жоқ. Басқыншылықты тоқтатуды талап еткен жүздеген, мыңдаған адам елшілік ғимаратының алдына жиналады. Олар бүгін де тұр, ертең тұрады. Тіпті, оның алдында түнеуге бар. Біз мұнымен Ресейге ақыл кіреді деп ойламаймыз, әрине. Алайда, бұл біз үшін символикалық акт. Кезінде «қызыл империя» Эстонияны отарлаған тұста, Стокгольм (Швеция астанасы) тұрғындары елімізді азат етуді талап етіп, күн сайын дәл осындай митингілер ұйымдастыратын.

– «Украинадан кейін, Путин Балтық елдеріне ауыз салады» деген әңгімелер қаншалықты қисынды?

путин – Білсеңіз, Ресей БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі. Ендеше, халықаралық саясатта, оның ішінде көршілерімен өзін салмақты, жауапты ұстау керек еді. Бірақ... Грузия, Украинадағы соғыс Кремльдің бет-жүзін әшкерелеп берді.  

Ресей жалғыз қалды. Оның досы жоқ. Ол кез-келген уақытта кез-келген елге басып кіруі мүмкін.

Балтық елдері Мәскеуге ешқашан да жылы қабақ танытқан емес. Сіздерді қайдам, бірақ біз орыстан көрген құқайымызды ұмытқан жоқпыз, ұмытпаймыз да.

Біздің НАТО мүшесі атанғанымызға 10 жылдан асты. Қорғаныс саламыз, былайша айтқанда, бұл тараптағы тұтас стратегия шығыстан төнуі мүмкін соққыны тойтаруға негізделген. Себебі, біздің Ресейден басқа жауымыз жоқ.

Егер Эстония НАТО-ның мүшесі болмағанда, Путиннің әскері бізге әлдеқашан басып кірер еді. Бұған оған сылтау табылар еді. Оған күмәнім жоқ.
Биліктің мемлекеттік тіл саласындағы саясаты қатаң болды. Біз қайттік? Ең алдымен эстон тілін ғылымға кіріктірдік. Ғылымның эстон тіліндегі терминологиясы жасалды. Эстондардың саны миллионнан аспайды. Бірақ, тіл біз үшін өз өзімізді анықтайтын құрал. Эстонды өзге ұлттан ерекшелейтін де оның тілі.

 – Жалпы, Эстноия мен Ресей арасындағы әріптестік қайда деңгейде?

– Тұрақсыз. Ертең не боларын білмейсің. Ресейдің күллі Еуропамен арадағы байланысы осындай.

Кремль эстондық қауіпсіздік қызметінің өкілдерін сатып алмақ болады. Мұнысынан түк шықпайды. Кремль шекара туралы келісімшартты ратификациялауды соза түскісі келеді. Ондағы ойы – қорқытып-үркіту. Бірақ, мұнысы да «баланың ойыны».

– Эстон халқының орыс тіліне көзқарасы қандай? Жалпы, орыс тілін білмеу сіздерде қалыпты үрдіс пе?

– Эстонияда 40-50-ден асқан кез келген адаммен орысша сөйлесе беруге болады. Жастар жағы орыс тілін білмейді, нақтырақ айтсам, қажет етпейді. Есесіне, ағылшыншаға судай.

Тәуелсіздік алған тұстан біздің жерімізде өмір сүретін орыстілді қауым мемлекеттің «эстон тілін үйреніңдер!» деген талабын, тапсырмасын орындады деп ойлаймын. Өйткені, ол мемлекеттік тіл, сондықтан эстон тілін білмей бізде жақсы қызметке орналасу мүмкін емес.    

Иә, бұл да оңай болған жоқ. Әсіресе, 90-шы жылдары. Бірақ биліктің мемлекеттік тіл саласындағы саясаты қатаң болды. Біз қайттік? Ең алдымен эстон тілін ғылымға кіріктірдік. Ғылымның эстон тіліндегі терминологиясы жасалды. Эстондардың саны миллионнан аспайды. Бірақ тіл біз үшін өз-өзімізді анықтайтын құрал. Эстонды өзге ұлттан ерекшелейтін де оның тілі.
Біздің НАТО мүшесі атанғанымызға 10 жылдан асты. Қорғаныс саламыз, бұл тараптағы тұтас стратегия шығыстан төнуі мүмкін соққыны тойтаруға негізделген. Себебі, біздің Ресейден басқа жауымыз жоқ.

– Эстондардың өткен тарихқа (КСРО кезеңіндегі) көзқарасы қандай?

– Эстонияны отарлаған «қызыл империя» әлемдегі ең жауыз жүйе және адамзат тарихында дәл солай болып қалмақ.  Большевиктер нағыз нацистер болатын. Олар біздің тәуелсіздікті тартып алды, бейбіт халыққа оқ атты, эстондардың танымал тұлғаларын қуғын-сүргінге ұшыратты. Былайша айтқанда, коммунистік кезеңнің жарасы ешқашан жазылмайды және ұмытылмайды.

Содан да шығар, біз Путиннің «КСРО-ның күйреуі ХХ ғасырдағы ең үлкен геосаяси апат болды» деген мәлімдемесін жиіркене қабылдаймыз. Бұлай айтуға қалай дәті барды екен? Егер неміс канцлері Ангела Меркель: «Гитлерлік Германияның құлауы, оның екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңілісі ХХ ғасырдағы ең үлкен геосаяси апат болды» десе, қалай қабылдар едік? Путиннің мәлімдемесі де дәл солай естіледі.

[caption id="attachment_9874" align="alignright" width="452"]пикет-таллин-посольство-россии-украина-10 Біздегі Ресей Елшілігінде маза жоқ. Басқыншылықты тоқтатуды талап еткен жүздеген, мыңдаған адам елшілік ғимаратының алдына жиналады.[/caption]

– Сіздер ресейлік телеарналарды көресіздер ме? Эстониядағы ресейлік ақпараттың ықпалы қаншалықты?
– Ресейлік БАҚ-тың  (оның ішінде мемлекеттік) біз туралы таратқан ақпаратын көргенде, естігенде еріксіз езу тартасың. Эстониядағы орыстілділердің жағдайын барынша бұрмалап көрсетеді. Өз еліндегі аңқау жұрттың аяушылығын тудыруға тырысады. Негізінде біздегі орыстілділер ешқандай қысастық көріп отырған жоқ. Біздің оларға қойып отырған талаптарымыздың барлығы заңды. Біз тәуелсіз мемлекетпіз. Ендеше, Ресейдің біздің ішкі ісімізге тұмсық тығатын құқы жоқ. Көпшілігі мұны ұғынды да. Алайда, Кремль таратқан ақпаратқа желіккен, келмеске кеткен дәуірді көксейтіндер әлі де бар. Олар бізді қаншама жылдар бойына   билеп-төстеп келді ғой. Сонысын бұлдайтын сияқты.

Егер Эстония НАТО-ның мүшесі болмағанда, Путиннің әскері бізге әлдеқашан басып кірер еді. Бұған оған сылтау табылар еді.

– Егер бір кезгі КСРО құрамындағы болған елдермен салыстырып қарасақ, тәуелсіздік алған тұстан бері Эстония қандай жетістіктерге жетті?

– Ең алдымен ақпараттық технологияларды дамытуда көш ілгері кеттік. Мақтанғаным болмасын, мысалға, сіздер Skype видео байланыс құралын эстондар ойлап тапқанын білесіздер ме? Бұдан сырт, біз әлемде ең алғашқы болып интернет арқылы жалпыхалықтық сайлау өткіздік.

Интернет арқылы қашықтан сайлау өткізуді біз 2005 жылдан бері жүргізіп келеміз. Соңғы биылғы жылдың 1 наурызында өткен парламенттік сайлауда да сайлаушылардың тең жартысы өз даусын интернет арқылы берді.

 Мұның бәрі нені аңғартады? Біздің дүниетанымымыз, керек десеңіз, демократияға ұмтылысымыздың өзі Батыс жұртына жақын екенімізді көрсетеді. Кремль мұның бәрін көрмей, білмей отырған жоқ. Олардың бұған іші ашиды, өздерінен озып, біржолата Еуропаға бет бұрғанымызды көре алмайды. Украинаны қайдам, бірақ Балтық елдерінен Мәскеу мәңгіге және әлдеқашан айырылып қалған.

– Эстондар қандай ұлт және эстонның қай мінезінен үлгі алуға болады?

– Біз өз елімізді жүрегімізбен сүйеміз. Екінші дүниежүзілік соғыс тұсында эстондардың біразы елден кетіп қалды. Батысқа көшті. Бірақ ұлттық ерекшелігі мен тілін ұмытқан жоқ. Мұны балаларына дарытты. Соның бірі  Тоомас Хендрик Ильвес. Қазіргі Эстония Президенті. Ол Стокгольмде туған. Өмір бойы АҚШ-та өмір сүрді. 90-шы жылдары Эстонияға қайтып келді. Бірақ, тілін ұмытқан жоқ. Ол эстонша ойлайды, эстонша сөйлейді.

Сосын ресейлік БАҚ-тың біз туралы жазған ақпаратына сенбеңіздер. Шылғай өтірік. Егер Эстонияда орыстілділер нақты қысастық көріп отырса, әлдеқашан Ресейге тайып тұрар еді.

Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Думан БЫҚАЙ


 Потскеңестік кеңістікте демократиялық дамудың жолына түскен және өзгелерден оза шапқан осы – Балтық елдері. Оның ішінде  – Эстония.

Демократия индексі  (The Economist журналының дерегіне сай)

  • Эстония – 34 орын

  • Литва – 41 орын

  • Латвия – 48 орын

  • Қазақстан – 143 орын


Баспасөз еркіндігі индексі

  • Эстония – 3 орын

  • Литва – 30 орын

  • Латвия – 50 орын

  • Қазақстан – 161 орын


Жемқорлық индексі

  • Эстония – 29 орын

  • Литва – 50 орын

  • Латвия – 61 орын

  • Қазақстан – 140 орын


 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар