...Жіпті кім әкеледі?

...Жіпті кім әкеледі?
АҚШ Президенті халқынан әбден шаршап, басын құшақтап отыр екен. Себебі, америкалықтар қит етсе көтеріліске шығып, митинг ұйымдастырады екен.

Бір күні біздің елдің патшасы Обамаға хабарласып:

– Қазақстанды басқарғың келе ме? Олар мүлдем көтеріліске шықпайды. Не істесең де көніп жүре береді. Көшеге сүйреп шығара алмайсың, – депті.
Анау сенбей, мынау нан ұстап, ақыры екеуі бәстесіп тынады. Өзара келісіп, Обама Қазақстанды, қазақ Президенті Американы басқаруға кетіпті.

Обама келе салып, қазақтардың жалақысын 50 пайызға қысқартатынын жариялайды да: «Халық қашан көтеріліске шығады екен?» деп күтіп отырады. Ешкім көтерілмейді. Обама таңғалады. Ертесінде жұмыс істегендері үшін мүлдем жалақы төленбейтінін жариялайды. Халық тағы да үнсіз. Түк болмағандай бәрі жұмысында отыр дейді.
– Ендеше, ертең барлығыңды дарға асамын, — деп төтесінен бір-ақ қояды. Ешкім үндемейді. Тек бір адам қолын көтеріп, орнынан тұрыпты. Обама қуанып кетеді. «Ең болмаса, бір адам маған наразылығын білдіретін болды ғой» деп ойлауы мұң екен, әлгі қазақ:
–Дарға асатын жіпті өзіміз әкелеміз бе? Әлде, Үкімет бере ме?– депті.

Мақсат ЕРБОЛАТ