"Тоқаевқа таңдау жасадым және бұл таңдауым ешқашан өзгермейді" - Назарбаев

Көркем Алдабергенова 15 нау. 2026 14:04

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Дауыс беруден кейін Нұрсұлтан Назарбаев елде жүргізіліп жатқан саяси реформаларға қатысты өз пікірін білдірді. Тұңғыш Президент Мемлекет басшысы өкілеттігінен осыдан жеті жыл бұрын өз еркімен кеткенін еске салды. Оның айтуынша, бұл шешім елдің тұрақты дамуы мен билік сабақтастығы жалғасуы үшін қабылданған.

"Уақыт тоқтамайды. Буын алмасады. Әр буын Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтуға өз үлесін қосуы тиіс. Біздің заман өкілдері тәуелсіздікті жариялап, шекараны белгілеп, елорданы тұрғызу арқылы өз міндетін орындады деп есептеймін. Қазір Қазақстанды одан әрі нығайтып, оның беделін көтеру қажет. Бұл бағытта аз жұмыс істеліп жатқан жоқ, соның ішінде мен қолдап отырған бүгінгі референдумның да маңызы зор. Өз уақытында мен Қасым-Жомарт Тоқаевқа таңдау жасадым және бұл таңдауым ешқашан өзгермейді. Осы Конституция Қазақстанымыздың игілігіне, халқымыздың берекесіне қызмет етсін деп тілеймін", - деп түйіндеді Нұрсұлтан Назарбаев.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove