Freedom Inside '26

Астанада мұз шоуына 9 мың көрермен жиналды

Астанада мұз шоуына 9 мың көрермен жиналды
Gov.kz

Астанада 1 мамыр күні «Мұз айдынындағы чемпиондар» атты ірі мұз шоуы өтті, деп хабарлайды Dala News.

Қойылым «Барыс Аренада» ұйымдастырылып, оған 9 мыңнан астам көрермен жиналды.

Шоуды танымал бапкер Этери Тутберидзе басқарды. Мұз айдынына әлемдік мәнерлеп сырғанау жұлдыздары – Элизабет Тұрсынбаева, Алина Загитова, Александра Трусова, Аделия Петросян, Пётр Гуменник және басқа да спортшылар шықты.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, шоуға қызығушылық жоғары болған. Көрермендер тек елордадан емес, Қазақстанның түрлі өңірлерінен, сондай-ақ шетелден де келген.

Мұндай ірі іс-шаралар Астананың халықаралық деңгейдегі спорттық және мәдени жобаларды өткізе алатын маңызды алаң екенін көрсетеді.